Сенбі, 23 Қараша 2024
1275 0 пікір 14 Желтоқсан, 2022 сағат 14:59

Екібастұздағы апат: Тергеу амалдары екі айға жуық жүргізіледі

Екібастұздағы апатқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеудің жүріп жатқанына екі апта болған.

«Осы апаттың мән-жайы, кінәлілер анықталады. Қазір іс бойынша бірқатар сараптама белгіленді. Жақын арада толық ақпарат аласыздар деп ойлаймын», - деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Оның айтуынша, қылмыстық іс бойынша екі айға дейін тергеу амалдары жүргізіледі. Қазіргі уақытта прокурор бұл іске қатысты саралау қорытындысын аяқтамаған. Саралау жұмыстарынан кейін кінәлілер анықталады.

«Тиісті жұмыстар атқарылғаннан кейін, нақты адамдардың аты-жөні аталады», - деді Бас прокурордың орынбасары.

Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды. Кейін жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды. 28 қараша күні таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1484
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512