Сенбі, 16 Мамыр 2026
1988 1 пікір 15 Желтоқсан, 2022 сағат 12:30

БҰҰ отырысы: Қазақстан Иран әйелдерін қолдамады

Иран 2026 жылға дейін Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиядан шығарылады. БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесі дауыс беру өткізді, деп жазады Euronews.

Қазақстан ұсынысқа қарсы шықты. Сондай-ақ Боливия, Зимбабве Қытай, Нигерия, Никарагуа, Оман және Ресей қарсы екенін білдірді.

29 мемлекет ұсынысты қолдап дауыс берді, 16 ел дауыс беруден қалыс қалды. Дауыс беру АҚШ бастамасымен жүргізілді. Иран мұны бұған дейін болмаған
заңсыз әрекет деп есептейді.

БҰҰ Тегеранды әйелдер құқығын, соның ішінде өз пікірін білдіру құқығын бұзды және үкіметке қарсы наразылықтарды қатыгездікпен басып жатыр деп айыптады.
Иранда наразылық шерулері қыркүйектің ортасында хиджабты дұрыс кимегені үшін тұтқындалған Махсы Аминидің өлімінен кейін басталды. Кейін акция бүкіл елді қамтыды.
Бірнеше ҮЕҰ мәліметінше, наразылық акциясын басу нәтижесінде 400 адам қаза тауып, 2000-ға жуығы тұтқындалды. Иран билігі 11 адамды өлім жазасына кесті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2787
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1894