Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
2420 0 пікір 15 Желтоқсан, 2022 сағат 13:16

Тағы да апат: Семей ЖЭО-да өрт шықты

Семейдегі  ЖЭО-1-де өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«15 желтоқсанда сағат 00:34-те Абай облысының Семей қаласында 1-ЖЭО-да ұзындығы 6 метр алаңда транспортер лентасы мен электр кабельдері жанған болатын. Сағат 1.36-да өрт толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан қатты отын – көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды. Сағат 10-нан бастап Төтенше жағдайлар және қорғаныс министрліктері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері үздіксіз режимде қазандық агрегаттарына қатты отынды қолмен салу жұмыстарын бастады», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазір Семейде ауа температурасы -30 градус екенін айта кетейік.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1512
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3127
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1121
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1047