Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
1519 0 пікір 15 Желтоқсан, 2022 сағат 14:35

Америка соты Әблязов ісі бойынша қандай шешім шығарды?

Америка алқабилер соты Әблязовтың ақша ұрлау және ақшаны жылыстату бойынша сот процесінде БТА банкіне 218 миллион доллардан астам айыппұл салды, деп хабарлайды БТА банкінің баспасөз қызметі.

«2022 жылдың 29 қарашасында басталған сот процесінде алғаш рет БТА банкі Мұхтар Әблязовтың жаппай алаяқтық пен ақшаны жылыстату схемасын ұйымдастырғаны туралы дәлелдер ұсынды. 2009 жылы БТА банкі –  Қазақстандағы үшінші ірі банк еді. Әблязовтың ұрлаған миллиардтаған қаржысы банкті ұлттандаруға алып келді. Бұл салық төлеушілерді миллиард доллардан астам шығынға батырды.

Жауапкер тарап – Triadou SPV –  Әблязовтың күйеу баласы Ілияс Храпуновқа тиесілі жалған компания. Компания БТА банктен  ұрланған 70 миллионнан астам АҚШ долларын Нью-Йорктегі және Америка Құрама Штаттарының басқа жерлеріндегі жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде салған»,-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алқа билер Әбләзов БТА Банктен жымқырған қаражатты Triadou компаниясы саналы түрде жылыстатты деген шешімге келген.

 

Abai.kz

0 пікір