Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
1229 0 пікір 19 Желтоқсан, 2022 сағат 13:35

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталды

Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің, оның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 млрд. теңгеден асады.

"Биыл 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді. Сатыбалды Г., оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде. Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді. Осы факт бойынша да сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді. Сатыбалды Г.-ға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда", - делінген ресми хабарламада.

Abai.kz

0 пікір