Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2518 4 пікір 19 Желтоқсан, 2022 сағат 14:01

Мәжіліске дербес заң қабылдау құқығы беріледі

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мәжіліске заң қабылдау құқығы беріледі. Бұл жайында Әділет министрі Қанат Мусин мәлім етті.

«Сенат Парламенттің екінші палатасы саналады. Әуелі Мәжіліс заңды қабылдап, Сенатқа мақұлдауға жібереді. Сенат заң нормаларымен келіспесе де, Мәжіліс құжатты қабылдай береді. Сөйтіп Мәжіліс заңды Президентке қол қоюға жібереді. Жалпы Сенат жұмысы өзгерген жоқ, заң қабылдау жұмысына қатысады. Содан кейін Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында Конституциялық заңдар қабылданады. Үкімет әзірлеген жедел заңдарды палаталардың отырысында қарайды. Сенатсыз Парламент жұмыс жасамайды», - деді Парламент палаталарының отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген министр.

Айта кетейік, бүгін Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында Парламенттің регламентіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қабылданған еді.

Аталған регламентке сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мәжіліске заң қабылдау құқығы беріледі.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5501