Тараз: Жаңа жылдық безендіруге 19 млн теңге...
Тараз қаласының әкімдігі Жаңа жыл мерекесіне орай қаланы безендіруге 19 млн 150 мың теңге жұмсамақ. Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Шыршалардың бірі ҚР Тұңғыш Президенті саябағының аумағына, екіншісі «Көне Тараз» тарихи-этномәдени орталығына қойылады. Қазіргі уақытта бұл аумақтарда жаңа жылдық безендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мақсаттарға қала бюджетінен 19 млн 150 мың теңге қарастырылған», - деді қала әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Дәулет Төленді.
Ведомство демеушілік қаражат есебінен ерекше қажеттілігі бар тараздық 2 225 балаға арнайы мерекелік сыйлық берілетінін, қаржыландыру көлемі шамамен 5 миллион теңгені құрайтынын атап өтті.
Abai.kz