Сенбі, 23 Қараша 2024
1604 0 пікір 21 Желтоқсан, 2022 сағат 13:35

Тоқаев екі күн Өзбекстанда болады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсанда мемлекеттік сапармен Өзбекстанда болады. Мемлекет басшысын өзбек әріптесі Шавкат Мирзияев шақырды.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғары деңгейдегі келіссөздерде көрші елдердің және аймақтың маңызды мәселелері талқыланады деп жоспарланған.

"Саммитте өзбек-қазақ стратегиялық әріптестігі мен одақтастығы қарым-қатынасын әрі дамыту, сауда көлемін арттыру, өзара тиімді жобаларды қолға алу, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы әріптестікті кеңейту, аймақаралық және мәдени-гуманитарлық байланысты жалғастыру мәселелері сөз болады", - деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшылары бірнеше ірі бірлескен инвестициялық жобаны іске қосады.

Тоқаевтың Ташкентке сапарында Ресей, Қазақстан және Өзбекстан арасында "газ одағын" құру мәселесі талқыланар-талқыланбасы туралы мәлімет жарияланбады.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарашаның аяғында Мәскеуге сапары кезінде Ресей, Қазақстан және Өзбекстан арасында "үшжақты газ одағын" құру туралы ұсыныс айтқан.

Өткен аптада Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов мемлекет Ресей мен де, Өзбекстанмен де газ мәселесі бойынша тығыз қарым-қатынас орнатқанын, "газ одағын" құру мәселесі талқыланбағанын мәлімдеді.

Өзбекстан энергетика министрі Журабек Мирзамахмудовтің 7 желтоқсанда журналистерге мәлімдеуінше, Ташкент "газды ешқашан саяси шартпен алмастырмайды". Министрдің айтуынша, Ресейден газ алу туралы шартқа отыру альянс құру дегенді білдірмейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435