Сенбі, 23 Қараша 2024
1771 4 пікір 22 Желтоқсан, 2022 сағат 14:39

21 шетел компаниясы Ресейден Қазақстанға көшті

Шетел компаниялары Ресейден Қазақстанға көшіп жатыр. Бүгінде 21 компания релокация жасаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты.

"АҚШ-тың «Хайнивал» компаниясы бүгінде Алматыда өндіріс ошағын ашып үлгерді. Бәріне танымал ТikTok компаниясының бұрын Қазақстанда өкілдігі жоқ болатын. Қазақстандағы нарықты олар Мәскеудегі кеңсе арқылы басқарып отырған еді. Қазір ТikTok Қазақстанда жеке аймақтық кеңсе ашты. Яғни ТikTok релокациясы болды деп айта аламыз. Индрайв иесі де осы жаққа келгенін білесіздер. Ол компания бүкіл аймақтық кеңсесін осында көшіріп жатыр. Индрайвтың бүкіл ІТ мамандары осында көшуде”, - дейді ол.

Оның айтуынша, Ресей экономикасы бізден гөрі он есе үлкен болғандықтан, бұрын Еуразия нарығына шыққысы келетін компаниялар бас кеңселерін Мәскеуде не Санкт-Петербургте ашатын. Қазір Ресейге салынған санкциялардан кейін, олар Қазақстан қалаларын таңдай бастады. Бүгінде 62 компания Қазақстанға көшуге ниет білдірген. Әлі де толыға түспек.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395