Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
2451 2 пікір 23 Желтоқсан, 2022 сағат 12:55

Қаңтар оқиғасы: 160 адам сотталды

"Қаңтар оқиғасы кезінде адамдардың қалай қайтыс болғанын 95 пайызға білеміз". Бұл туралы Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев айтты.

«238 адам қаза тапты, оның 19-ы құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер. Егер адамдардың қандай жағдайда қайтыс болғанын сұрасаңыз, оның 95 пайызы белгілі. Біз мұны бұрын да айтқан едік»,-деді ол.

Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаровтың айтуынша, 92 адамның төтенше жағдай жарияланған кезде жаппай тәртіпсіздіктер орын алған аймақта болғаны анықталған. «Бұл қиын жұмыс. Қоғам тергеу жұмыстарының көпке созылып кеткенін айтады. Біз әрбір марқұмның неден және қайда қайтыс болғанын анықтап жатырмыз»,-деді Ожаров.

Прокуратураның мәліметінше, бүгінде 1249 адам жазаға тартылған. 160 адам бас бостандығынан айырылды. Қалғандарына жеңілірек жаза тағайындалды.

"Билігін асыра пайдаланды деп айып тағылған бұрынғы Қорғаныс министрі Бектановтың ісі сотта қаралып жатыр. Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облыстары Ұлттық қауіпсіздік және полиция департаменттерінің бұрынғы басшыларына қатысты тергеу аяқталды", - деді Тәшімбаев.

Алматы және Талдықорған қалаларында ҰҚК мен ІІМ-нің 29 қызметкеріне қатысты азаптау бойынша қылмыстық істер аяқталды. Оның 17-сі сотқа жолданды.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1232
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2759
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 888
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 837