Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
2504 0 пікір 26 Желтоқсан, 2022 сағат 13:13

Карантин қайта енгізіле ме: Бас санитар не дейді?

Еліміздің бас санитары қазақстандықтарға халық көп жиналатын жерлерде бетперде тағуды ұсынды.

«Республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Тәулігіне COVID-19 бойынша ПТРдің оң нәтижелі 300-ге дейін жағдайы және ПТРдің теріс нәтижелі 40-қа дейін жағдайы тіркеледі, науқастардың 99%-ы сауығып кетті. Соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 3% - ға өсті», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Ол 12 өңірде (Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Абай, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары екенін атап өтті, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетеді. Осыған байланысты, А.Есмағамбетова R көрсеткішін 1-ден жоғары тіркеу кезінде халық көп жиналатын жерлерде бетперде тағу ұсынылатынын айтты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде шошқа тұмауы мен суперинфекциялар таралып жатқанын мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1346
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2921
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 930