Сенбі, 23 Қараша 2024
1305 0 пікір 11 Қаңтар, 2023 сағат 12:49

Қанат Тумыш СІМ орынбасары болып тағайындалды

Қанат Тумыш Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.

Қанат Тумыш 1975 жылы 7 қарашада Ақтөбе қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар бакалаврі (1993-1997); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар магистрі (1997-1999) дәрежесімен бітірген.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол басқармасында референт, атташе (1997-1998); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы (1998-1999); ҚР Түркиядағы Консулдығында вице-консул (1999-2001); ҚР Түркиядағы Консулдығында Елшінің көмекшісі, баспасөз хатшысы (2001 – 2003); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы (2003);

ҚР Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі Елшілігінің консулдық бөлімнің меңгерушісі (2003-2005); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бірінші хатшысы (2005-2006); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азиялық ынтымақтастық басқармасынде кеңесші, бөлім басшысы (2006-2007); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің Азиядағы қауіпсіздік басқармасының басшысы (2007-2009);

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары (2009-2010); «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі» халықаралық ұйымы Атқарушы директорының орынбасары (2010-2014); ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі (2014-2015); ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінде кеңесші-уәкіл (2015-2016); ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілінің орынбасары (2016-2019), 2019 жылғы шілдеден бүгінгі күнге дейін Оңтүстік Африка Республикасындағы Қазақстан елшісі болды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394