Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
46 - сөз 3544 6 пікір 16 Қаңтар, 2023 сағат 15:56

Екі әлем: Бірі кітапты, бірі простатитті талқылап жатыр

Көлікте радио тыңдаймын. “Қазақ радиосы” мен “Шалқарды” немесе BBC-ге қосып қоямын.

Ағылшынтілді әлем үйірінен адасқан Гарри ханзаданың Netflix-те шыққан деректі фильмінің ізін баса жарық көрген кітабын талқылап жатыр. Хейт те көп, жанашырлық та бар. “Ағам әлімжеттік көрсететін”, “тығылып шөп шегетін едік” деген сыңайлы “жаңалықтарды” жарыса айтып жатыр.

Алғашқы күні 1,4 млн дана тиражбен сатылыпты. Рекорд қойыпты. Бір күнде бір кітап мұнша тиражбен сатылмаған екен. Патша әулетінде болған әңгіме болған соң, елге қызық болса керек, әйтпесе, тетелер тайталасып өспейтін бе еді тәйірі.

Еее… деп қойдым. ХАЛЫҚҚА ҚЫЗЫҚ КЕРЕК, ХАНЗАДАҒА ҚАРЖЫ ҚАЖЕТ!

Сосын алам да, “Қазақ радиосына” немесе “Шалқарға” қосам. Қашан қоссаң да, простатитке пайдалы деп простенол деген препаратты жарнамалап жатады. Қазақтың ең бірінші ауруы қан-тамыр жүйесі еді деп ойлап қоямын. Және таңертең де простенол, кешке де сол простенол.

Тіпті Простенолға арналған бағдарлама бар. Тыңдармандар хабарласып жатыр. Тараздан бір келіншек хабарласты. “Күйеуім ерлеп жатыр” деп қояды. Тағы бір адам зәрін сипаттап берді. Көлікте таңертең кофе ішіп бара жатыр едім, өңішемнен өтпей қалды.

“Қазақ/Шалқар” радиосы мен BBC, екі радио - екі әлем. Бірі простатитті талқыласа, бірі жаңа шыққан кітапты талқылап жатыр.

Шыңғыс Мұқан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1057
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2603
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 739
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 701