Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
1553 0 пікір 20 Қаңтар, 2023 сағат 12:24

Экс-министр әлі қамауда болады

Арыстанбек Мұхамедиұлының қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды.

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі 2022 жылдың наурызынан бері қамауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағып отыр.

"2023 жылғы 17 қаңтарда Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы А.-ға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", - деді елорда сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, ҚР Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, былтыр желтоқсанда экс-шенеунікті қамауға алу мерзімі бір айға ұзарған еді.

Abai.kz

0 пікір