Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
2094 2 пікір 24 Қаңтар, 2023 сағат 12:13

Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлына (ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі) және басқа да адамдарға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда. Бұл туралы Антикор мәлімдеді.

Жүргізіліп жатқан тергеу аясында А. Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, «Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан «ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш. Нұразхан ұсталды.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен А.Ш. Нұразхан 2 ай мерзімге қамауға алынды.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2524
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 688
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 660