Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 2314 0 пікір 25 Қаңтар, 2023 сағат 14:37

Партия ішіндегі дау. Ахметбеков не дейді?

Сайлау ресми жарияланып, партиялар мен өзін-өзі ұсынушылар саны артты. Партиясының саястына көңілі толмайтындар, партиядан қуылғандар мен өз еркімен партиядан кеткендер де көбейді. 

Сайлаудың болғанынан боладысы қызық қой. Сайлау қарсаңында партиясының имиджіне кері әсері бар сұхбат беріп, Ресейдің басқыншы саясатын ашық қолдап, Украина билігін айыптай сөйлеген Азамат Әбілдаевтың "Ақ жол" партиясынан шығарылып, ОСК тарапынан депутаттық мандатының кері қайтарылуы бұл сайлауға деген қызығушылықты арттыра түсті.

Енді міне, тағы бір партияның белді мүшесі, бұрынғы коммунистердің атынан президенттік сайлауғңа да түскен, көпшілікке таныс Жамбыл Ахметбеков партиядан кеткенін мәлімдеді. Бүгінде ол партия Қазақстан халқы партиясы (ҚХП) деп аталады.

Жамбыл Ахметбеков өзінің Facebook парақшасына былай деп жазды. "Осы мәлімдемені жасай отырып ҚХП қатарынан өз еркіммен шығатынымды жариялаймын, - бұл менің 24.01 күні партия қатарынан шығатынымды айтқан сәтте жазған мәлімдемемнің бір цитатасы. Мен бұл партияда құрылған сәттен бастап қызмет етудемін десем де болады. Партия бұл менің өмірім. Мен партияда қатардағы партия мүшесінен бастап, партия хатшысына дейін көтерілдім.  Мәжілістің V, VI, VII шақырылымындағы депутаты болдым, партия атынан екі мәрте президенттік сайлауға қатыстым. Біз қарапайым азаматтардың құқықтары мен мүддесін қорғайтын партия құрып, жұмыс істедік. Біздің командамыз партияны үш мәрте Мәжіліске әкелді. Қазіргі бірінші басшылық тарапынан дәл осындай нәтижеге қол жеткізуге үлкен күмәнмен қараймын", - дейді Ахметбеков.

Ахметбеков партияның ел азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғап, алға жылжуын қолдайтынын, алайда "жаңа басшылықтың кәсібиліктен алыс әрекетін құптамайтынын" айтты.

"Партия құрамы жаңа мүшелермен толығуда деп дейді олар. Бірақ олардың келуімен бірге, біз одан да көп адамдардан айырылдық – еліміздің аудан, облыс, қалаларындағы ұйымдардан көптеген жақсы, шыншыл, өз идеямызға берілген адамдар кетіп жатыр, шын мәнінде жұмыс істейтін депутаттар фракциядан кетіп қалды. Олардың соңынан еретіндер көп еді. Мен бұл жайлы жаңа басшылыққа айттым, алайда олар естімеген кейіп танытты. Мен олармен жұмыс істеп, бір партияда бола алмаймын. Партия ыдырап жатыр. Бұл бүгін өзі бас тартып жатқан тұлғаларға кеше ода жырын арнаған дарынсыз басшылықтың жұмысының нәтижесі. Бірақ барлығы да халықтың есінде. Мен ауыл-аймақты аралап жүргенімде, ауыл халқы бұрынғы Қазақстанның өкілі саналатын жаңа басшылыққа байланысты партияға дауыс бермейтінін айтуда. Партия сайлауда жеңіледі. Партияның негізін қалаушылардың бірі және ардагері ретінде шығып барамын, іштей өкініш те бар", - деді ол.

Жамбыл Ахметбеков 2019 жылы президенттік сайлауға партия атынан түскен болатын.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3604