Жұма, 22 Қараша 2024
Сапасыз интернет: 3191 9 пікір 27 Қаңтар, 2023 сағат 13:36

Сыннан көз ашпаған министр Мусин...

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қазақстандағы интернет сапасының нашарлығын айтып, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге ескерту жасады.

"Бағдат Батырбекұлы, қазақстандықтардың сапасыз интернет пен ұялы байланыспен қамтуға қатысты шағымын көріп отырсыз. Тіпті, ірі қалаларда да сапалы байланыс болмайды. Қазір бәрін ұялы телефонның көмегімен істеуге болады. Бірақ кейде интернеттің болмауына байланысты оны да істеу мүмкін емес.

Бұл мәселені шешу керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сапалы ұялы байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету барлық қалалар мен аудан орталықтарын, сондай-ақ республикалық және негізгі облыстық автожолдарды қамтуы тиіс. Министрлік ұялы байланыс пен интернеттің қамтылуына талдау жүргізуі қажет. "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында қажетті шаралар қабылдануы тиіс", - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр интернет мәселесіне байланысты атқарылар жұмыстар 2027 жылы аяқталуы қажет екенін еске салды.

Айта кетсек, бұған дейін министр Бағдат Мусин еліміздегі интернет сапасына қатысты мәселелердің неден туындап отырғанына түсінік берген. Оның айтуынша, интернетті пайдаланушылар саны мен олардың интернетте өткізетін уақыты да артып келеді. Бұл инфрақұрылымдық коммуникацияларға жүктемені арттырады.

"Интернеттің сапасы неге төмен екені туралы көптеген шағым бар. Біз мұны мойындаймыз. Бірақ кейбір факторларға тоқталғым келеді. Мысалы, TikTok, YouTube және басқалары бар. Олар толығымен қолданылады. Күнделікті өмірде такси жүргізушілері де бағдаршамда тұрған кезде телефондарынан видео қарайды. Экономиканың басқа салаларында да интернет қолданылады. Осыған байланысты интернет-трафикті пайдалану да айтарлықтай өсіп барады. Пандемия кезінен бастап бұл көрсеткіш 800 петабайтқа жетті", - деген еді Бағдат Мусин.

Халықаралық телекоммуникация саласында ITY ұйымының дерегінше, былтыр әлем бойынша интернетті пайдаланатындар саны 4,9 миллиардтан асқан.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321