Рудный қаласының әкімі ауысты
Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің орынбасары және әкім міндетін уақытша атқарушы болып Виктор Ионенко тағайындалды.
«2023 жылдың 6 ақпанынан Рудный қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі әкім орынбасары қызметіне Ионенко Виктор Николаевич тағайындалды. Ол қала әкімінің міндетін де уақытша атқаратын болады. В. Н. Ионенконың инженерден бастап, облыс әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі қызметтерде тәжірибесі мол. Сондай-ақ 3 ауднада - Денисов, Меңдіқара және Қарасу аудандарында әкім болған», - деді облыс әкімдігінен.
Бұған дейін Рудный қаласы әкімі Іспергенов Қуандық Хайдарұлы болды. Бұл қызметке 2020 жылы келген болатын.
Abai.kz