ЕО Ресейлік мұнайға шектік баға енгізбек
Еуропалық одақ елдері Мәскеудің Украинадағы соғысқа қаражатын шектеу үшін ресейлік мұнай өнімдерінің бағасын белгілеуге келісті. Бұл туралы ЕО-да төрағалық етіп жатқан Швеция өкілдері мәлім етті, деп хабарлады Euronews.
Шектеуді мұнайға - негізінен дизель мен бензинге үстемеақы төленетін мұнай өнімдерінің баррелін 100 доллар деңгейінде белгілеу ұсынылып отыр. Мазут пен гудрон сияқты жеңілдік өнімдердің барреліне 45 доллар белгілемекші.
Шешім 5 ақпаннан бастап күшіне енді.
Abai.kz