Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1693 3 пікір 6 Ақпан, 2023 сағат 13:53

Президент Екібастұздағы жылу мәселесіне байланысты Скляр мен Байхановқа тапсырма берді

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

Сонымен қатар Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.

Еске салайық, 2022 жылғы 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болды. Салдарынан қала тұрғындары жылусыз қалды. 28 қараша күні таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Екібастұздағы апат бойынша тергеу басталып, Бас прокуратура тергеудің екі айға дейін созылатынын мәлім етті.

Сонымен қатар Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз тұрғындарына жылу желісіндегі апаттың шығындарын мемлекет пен ЖЭО иесі бөліп төлесін деп тапсырма берді.

Биылғы 26 қаңтарда «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ға 1,1 млн теңгеге айыппұл салынғаны белгілі болды.

Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен пәтерлерді жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. 30 қаңтардағы мәлімет бойынша, жөндеу 152 пәтерде жасалған.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395