Алматы метросына жаңа вагондар жалғанады
Алматыда 13 ақпаннан бастап метро желісінде 10 вагон қосылады. Бұл туралы қала әкімдігі айтты.
Жаңа вагондар қосылған соң шаһардағы кептеліс уақыты 6 минут 12 секундке дейін қысқармақ.
2022 жылы екі жаңа станция қолданысқа берілген болатын. Осыған байланысты жолаушылар саны шамамен екі есеге артып, 85 мыңға жетті.
Алматы метросы 25 жыл салынып, 2011 жылы іске қосылған. Қазіргі 11 станцияның ұзындығы 13,4 шақырымды құрайды.
Abai.kz