Кәрім Мәсімовке операция жасалды
Ұлттық қауіпсіздік қызметінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов операция жасатты деген ақпарат шықты. Бұл туралы Orda_kz телеграм арнасы хабарлады.
Malim.kz-тің жазуынша, ол Астана қалалық сотында процесс барысында құлаған. Дереу жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.
«Көптеген халықаралық ұйымдар және БҰҰ -ның негізсіз қамау жөніндегі жұмыс тобы «тез арада босату үшін шұғыл шаралар қабылдауға» шақырғанымен, Мәсімов бір жылдан бері түрмеде отыр. Ол 30 Қаңтарда операция жасауға мәжбүр болды», - деп хабарлады Кәрім Мәсімовтің PR қызметі.
6 ақпанда Мәсімов тергеу изоляторына қайтарылды.
Айта кетейік, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қамауға алынған болатын. Қылмыстық кодексте мемлекетке опасыздық жасау әрекеті үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Abai.kz