Жексенбі, 6 Қазан 2024
1352 0 пікір 15 Ақпан, 2023 сағат 13:26

Түркия мен Сирияда 26 млн адам көмекке мұқтаж

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге Түркия мен Сириядағы зілзала соңғы 100 жылдағы аймақтағы ең ауыр табиғи апат болғанын мәлімдеді. 

«Бір аптадан астам уақыт бұрын Түркияның орталық бөлігі мен Сирияның солтүстік-батысында болған күшті жер сілкіністері аймақтағы соңғы ғасырдағы ең ауыр табиғи апат болды», - деді Клюге.

Ол екі елде кемінде 26 миллион адам гуманитарлық көмекке мұқтаж екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Клюге бұл көрсеткіш әлі де көбеюі мүмкін екенін атап өтті. ДДСҰ құрбандар мен зардап шеккендер екі есе көп болуы мүмкін екенін болжап отыр.

ДДСҰ өкілі сондай-ақ, Түркиядағы медициналық жүйе ауыр жүктемеде жұмыс істейтініне назар аударды, өйткені елде жараланғандар көп.

«Біз ДДСҰ-ның Еуропалық аймағында 75 жылдық тарихымыздағы ең ірі жедел медициналық көмек бригадаларын орналастыруды бастадық. Олардың мақсаты - зақымдалған медициналық мекемелерді қолдау», – деді Клюге.

Abai.kz

0 пікір