Сенбі, 16 Мамыр 2026
2001 1 пікір 20 Ақпан, 2023 сағат 13:34

АҚШ пен Польша Украина мәселесін талқылайды

АҚШ президенті Джо Байден 20-22 ақпанда Польшаға сапарламақ. Бұл туралы Ақ үй мәлімдеді.

Байден Польша көшбасшысы Анджей Дудамен және «Бухарест тоғыздығы» — НАТО-ның шығыс флангындағы ел көшбасшыларымен кездеседі.

АҚШ президенті поляк әріптесімен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Украинаны қолдау мәселесі бойынша ұжымдық бірігуді талқыламақ.

Байден Польшаға соңғы рет 2022 жылдың наурызында барған. АҚШ – НАТО-дағы Польша одақтастарының бірі, елде мыңдаған америкалық әскерилер бар. Польша Украинаға батыс қаруын жеткізудің хабы болып табылады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2789
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1896