Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
2151 1 пікір 22 Ақпан, 2023 сағат 14:21

Ердоған: 11 провинцияда 200 мыңға жуық үй салынады

6 ақпандағы жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Түркия провинцияларын қалпына келтіру процесі наурыз айында басталады. Бұл туралы Президент Режеп Тайып Ердоған Нұрдағы қаласына барғанда айтты, деп жазады Анадолы агенттігі.

Президенттің айтуынша, бір жыл ішінде он бір провинцияда 200 мыңға дейін үй салынбақ. Апатқа ұшыраған ауылдарда тағы 70 мың үй салынады.

Ердоғанның сөзінше, соңғы апталарда Газиантеп провинциясынан елдің басқа бөліктеріне 87 мың тұрғын эвакуацияланған.

Түркия президенті Газиантептің апатқа ұшыраған аудандарын қалпына келтіру процесі провинцияның тарихи ерекшеліктері мен этникалық картасы ескерілетінін атап өтті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 669
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2626
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1689