Жексенбі, 6 Қазан 2024
1729 1 пікір 24 Ақпан, 2023 сағат 13:36

БҚО-дағы тікұшақ апаты: 4 адам қаза тапты

Қазақстанның төтенше жағдай министрлігі Батыс Қазақстан облысында тікұшақ апатынан қайтыс болғандардың аты-жөнін жариялады, деп хабарлады Halyq Uni.

Қайтыс болғандардың арасында аға бортмеханик-нұсқаушы Сиязбек Андосов, ұшқыш-нұсқаушы Довлетбай Қанатов, жетекші инженер Жәрдем Досқалиев, екінші пилот Владимир Афанасьев бар.

Айта кетейік, 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысында апатты жағдайда қонған тікұшақта болған 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бүгін БҚО-да «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Оқиға Чапурино елді мекенінен 6 км қашықтықта болған. Сағат 15:50-де «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды әуеден шолу үшін ұшып шыққан «Қазавиақұтқару» АҚ  Ми-8 тікұшағы жерге қатты екпінмен қонған.

Abai.kz

1 пікір