Сенбі, 23 Қараша 2024
2757 4 пікір 2 Наурыз, 2023 сағат 13:39

Блинкен: Нүкістегі қантөгісті зерттеу маңызды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 1 наурызда Ташкент қаласында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев және елдің сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Бахтиёр Саидовпен кездесті. 

Кездесуден кейін журналистердің сұрағына жауап берген Блинкен былтыр маусымда Қарақалпақстанда болған қанды оқиғада адам құқықтарының бұзылуы бойынша мәліметтерді жіті тексеру керек деді.

Былтыр 1-2 маусымда Қарақалпақстанның орталығы Нүкісте жергілікті тұрғындар Өзбекстанның Конституциясынан егемендік туралы бапты алып тастау ұсынысына қарсы шыққан.

Наразылық күшпен басылып, қан төгілген. Өзбек билігі 21 адам қаза тапқанын, 243 адам жарақат алғанын хабарлаған. 500-ден астам адам қамауға алынған.

Акциялардан кейін президент Шавкат Мирзиеяв Қарақалпақстанның егемендігі туралы бапты өзгертпейтінін жеткізді. Сол кезде ол бұл наразылықтың артында шетелдік күш тұр деп айыптаған.

Өзбекстанға дейін Блинкен Астанада Орталық Азияның сыртқы істер министрлерімен саммитке қатысты. Өзбекстан сапарынан соң ол "Үлкен жиырманың" саммитіне қатысу үшін Үндістанға аттанады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404