Сенбі, 23 Қараша 2024
2383 1 пікір 3 Наурыз, 2023 сағат 13:11

Астананың 21 учаскесін су басу қаупі бар

Елордада көктемгі су тасқыны қаупінің алдын алу шаралары қабылданды. Бұл туралы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дастан Алдабеков мәлім етті.

«Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмысы қызу жүріп жатыр. Елорда бойынша 21 су тасқыны қаупі бар учаскелерде Төтенше жағдайлар департаменті және қалалық коммуналдық қызмет жұмылдырылды. Су тасқыны жағдайына жеке құрамның 145 маманы, 76 техника, 46 мотопомпа және 2 жүзу құралы дайын. Сонымен қатар, су тасқыны қаупінің алдын алу және болдырмау мақсатында біздің департамент кешенді іс-шаралар жоспарын әзірледі», - деді Дастан Алдабеков Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, кешеден бері азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын төтенше жағдайға дайындау бойынша «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр.

Бұған дейін Астана су қоймасында жаңарту жұмыстарының қолға алынғандығы туралы хабарлаған едік.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366