Жұма, 22 Қараша 2024
1492 0 пікір 9 Наурыз, 2023 сағат 11:23

Bereke Bank АҚШ санкциясынан босатылды

Америка Құрама Штаттарының Қаржы министрлігі Bereke Bank-ті санкция салынған қаржылық ұйымдар тізімінен шығарды.

Украинадағы жағдайдан кейін ресейлік «Сбербанктің» Қазақстандағы еншілес банкі «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің еншісіне өтіп, аты Bereke Bank болып өзгергені белгілі. АҚ Қаржы министрлігінің ресми сайтында осы Bereke Bank-тің санкция салынған қаржылық ұйымдар тізімінен шығарылғаны туралы мәлімет шықты.

Нақтырақ айтсақ, Шетелдік активтерді бақылау басқармасының санкциялық SDN-тізімінен шығарылған.

Санкциялық тізімнен шығарылған Bereke Bank сайттағы құжатта төрт түрлі атаумен берілген: «Ресей Себрбанкінің еншілес банкі», SB SBERBANK, «Ресей Сбербанкінің еншілес акционерлік қоғамы және TEXAKABANK.

Былтыр «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Bereke Bank»-тің қордаланған шығыны мемлекет есебінен өтелмейтінін мәлім еткен еді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1431
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3198
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5101