Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1863 1 пікір 10 Наурыз, 2023 сағат 12:13

"Жаппай тәртіпсіздікке шақыру": Жаза күшейді

Қазақстанда "жаппай тәртіпсіздікке шақыру" бабы бойынша жаза күшейтілмек деп жазады жергілікті басылымдар ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа сілтеме жасап. 

Парламент сенаты "Қылмыстық кодекске, Қылмыстық-процессуалдық және Қылмыстық-атқару кодекстеріне адам құқықтарына қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасын қарап, бекіткен. Осыған байланысты аталған заңдардың бірнеше баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмекші.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың сөзінше, жаппай тәртіпсіздікке шақырғандарға жаза күшейтілген. Қазір қолданыстағы заң бойынша үш жылға дейін жазаға тартылатын болса, бұдан былай бес жылға дейін және әлеуметтік желілер арқылы үндегені үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Abai.kz

1 пікір