Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Билік 1746 2 пікір 13 Наурыз, 2023 сағат 13:20

Дос Көшім: Бақылаушылар біріге бастады...

Саясаткер Дос Көшім «Қасқа жол» YouTube арнасына берген сұбатында алда өтетін Мәжіліс және маслихат сайлауына «Baqyla» қоғамдық қозғалысының атынан байқаушылық жасайтын азаматтарға семинар-тренингтер өткізіп жатқаны туралы айтты.

«Соңғы бір-екі жылда бақылаушылардың топтары бір-бірімен біріге бастады. Бұл өте жақсы нәрсе. Өйткені мына жақта жүз адам, ана жақта жүз адам болып бөлінбей, бір топқа жинала бастады. Мысалы мені «Baqyla» деген қоғамдық қозғалыс шақырды. Осыдан үш ай бұрынғы президенттік сайлауда олар 3000 адам қоямыз деді, нәтижесінде 2500 адамды қойды. Қазір Мәжіліс сайлауына 5000-ға жуық адамды дайындап жатыр. Мен бақылаушыларды оқытумен айналысып жатырмын», - деді саясаткер.

Жүргізушінің «Директорлар, мұғалімдер т.б. дауыс беру кезінде заңсыздықпен айналыспауы үшін не істеуіміз керек?» деген сұрағына «Сайлау комиссиясына кіргенде адам ант беруі керек» деп жауап берді.

«Берілген ант біраз нәрсені ұстайды екен. Мысалы: Америкада полицияда, прокуратурада істейтіндер ант береді. Бізде тек әскерге барғандар «Отанды қорғаймын» деп ант береді ғой. Ант дегеніміз жауапкершілік жүктейді. Ант берген уақытта қандай деңгейде болар еді? Мейлі біреу Құранға, біреу Конституцияға қолын қойсын дейміз. Бірақ сайлау комиссиясының төрағалары мұны естігенде түрлері бұзылып кетеді... Жалпы ар-ұяты бар адамның анттан аттауы қиын болады. Мен мұны жоғары жаққа ұсындым. Ең құрығанда ант берсін», - деді Дос Көшім.

Саясаткер осы күнге дейін елімізде өткен сайлауларда дауыс санау кезінде заңсыздыққа жол берген адамдар үшін қолданылатын жазаның өте жеңіл екенін айтады.

«Бізде сайлау комиссиясы мүшелері заң бұзған жағдайда 4 жылға сотталады. Бұл заңда бар. Бірақ соттамалмақ түгілі, бір рет айыппұл салынғанын көрмеппін. Қаншасын ұстадық. Өз қолымен «мен фалсификация жасадым» деп жазып берген адам, ертеңіне тек сайлау комиссиясының төрағалығынан түсті», - деді Дос Көшім.

Саясаткердің ойынша, осылай адам құқығына қарсы қылмыс жасаған адамды 25 жылға дейін соттау керек.

«Адам құқығына қарсы жасалған қылмыс - ең ауыр қылмыс. Егер заң бұзған директорларды, учаскелік сайлау комиссияларының басшыларын соттап жіберсе, заңсыздық бірден тыйылар еді», - дейді ол.

Дос Көшім сұхбат барысында Қазақстанда 1999 Тәуелсіз бақылаушылар ұйымын құрғанын айтты.

«Сол үшін Америкадан бір бақылаушылар институтын алып келдім. Алты жыл бойына елдегі сайлауды бақыладық. Осылайша Қазақстанда бақылаушылар институты қалыптасты», - деді спикер.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3292