Министр: «Германияға тағы 20 мың тонна мұнай жібереміз»
Қазақстан сәуір айында Германияға тағы 20 мың тонна мұнай жөнелтеді. Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.
«Достық» туралы айтсақ, алғашқы партия кеткенін білесіздер. Екінші партиясы наурыз айында 20 мың тонна болады. Нақты қашан екенін қазір айту қиын. Құжаттарды рәсімдеп жатырмыз. Алғашқы партия 300 мың тонна болады деп келіскенбіз – айына 20 мың тоннадан. 20 мың дегеніміз дәл сол келісімнің міндеттемесіне сәйкес келеді. Сонда айына орта есеппен 20 мың тонна деген сөз», - деді Болат Ақшолақов.
Сондай-ақ, ол журналистердің сауалына жауап бере отырып, сәуір айында да 20 мың тонна жөнелту жоспарланғанын растады.
Abai.kz