Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1052 2 пікір 14 Наурыз, 2023 сағат 14:07

ІІМ жасөспірімдер арасындағы есірткінің таралуы туралы: «Біз мұны жасырмаймыз»

Қазақстандықтар университетке түскенде, жүргізуші куәлігін алғанда олардың есірткі қолданатындығы тексеріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл – ұсыныс. Жоғары оқу орнына түскенде, мемлекеттік қызметке тұрғанда, жүргізуші куәлігін алғанда (қазақстандықтар скринингтен өтеді – авт.) олардың биоматериалдары зерттеледі..., - деді министр.

Марат Ахметжановтың пікірінше, бұл азаматтардың қауіпсізідігі үшін маңызды.

«Бүгінде синтетикалық есірткі таралып жатыр, оларды алу оңай. Бір дозасы – 10 мың теңге. Олар (есірткі сатушылар – авт.) интернет арқылы есірткінің қайда екенін жібереді. Сараптама көрсеткендей, есірткіні тұтыну ерте анықталса, олардың 95%-ы қалыпты жағдайға оралуы мүмкін. Үшінші кезеңде тек 15%-ы (нашақор – автор) қалыпты жағдайға оралуы ықтимал», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, қазір мектеп оқушылары арасында да есірткі тарап жатыр.

«Біз мұны жасырмаймыз. Бүгінде нақты есеп жоқ. Мен биоматериалдардың скринингін өткізуді ұсынып отырмын. Бұл – Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы. Біз мұны қолдадық. Енді жоғары оқу орнына түскенде, мемлекеттік және әскери қызметке орналасқанда, жұмысқа тұрғанда (қазақстандықтар скрингтен өтеді – авт.). Біз қоғам мен балаларымыздың қауіпсіздігін сақтау маңызды екенін түсінуіміз керек... (Қазақстандықтар тексерістен өтіп, есірткіні тұтынатыны анықталса – авт.) Биоматериалдардан есірткі анықталса, (адамдар) әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Тиісті ақпарат олардың ата-анасына жіберіледі», - деді Марат Ахметжанов.

 

Abai.kz

2 пікір