Жексенбі, 24 Қараша 2024
1392 1 пікір 16 Наурыз, 2023 сағат 13:22

Қазақстанда азық-түлікке көп ақша жұмсайтын өңірлер аталды

Маңғыстау және Түркістан облыстарының тұрғындары азық-түлікке көп ақша жұмсайды, деп хабарлайды LS.

Ұлттық статистика бюросының 2022 жылдың IV тоқсанындағы үй шаруашылықтарының шығындары бойынша деректеріне сәйкес, Қазақстан бойынша орташа есеппен бір тоқсанда бір отбасының тұтыну шығындарына 788,5 мың теңге жұмсалды. Оның ішінде азық-түлікке – 440,6 мың теңге, азық-түлік емес тауарларға – 205,9 мың теңге, ал ақылы қызметтерге – 142 мың теңге.

Егер өңірлер бойынша жағдайды қарастыратын болсақ, ең ірі шығыстар Маңғыстау облысында тіркелді. Мұнда отбасылық бюджеттен азық-түлікке – 558,2 мың теңге, азық-түлікке – 231,2 мың теңге, қызметтерге – 142 мың теңге жұмсалды.

Сондай-ақ, Түркістан облысының тұрғындары азық-түлікке ең көп жұмсаған – 549,1 мың теңге, азық-түлікке жатпайтын тауарларға – 212,4 мың теңге, қызметтерге – 119,7 мың теңге.

Ұлытау облысында азық-түлік шығыстары 519,6 мың теңге болса, азық-түлік емес тауарларға – 274,1 мың теңге, қызметтерге – 155,9 мың теңге жұмсалған.

Ең төменгі тұтыну шығыны Қостанай облысында тіркелді – 595,9 мың теңге. Мұнда азық-түлік тауарларына 299,9 мың теңге, азық-түлік емес тауарларға – 186,9 мың теңге, ал қызметтерге – 109 мың теңге жұмсалды.

Азық-түлікке ең аз қаражат жұмсаған Шымкент тұрғындары болып шықты – 342,1 мың теңге, азық-түлік емес тауарларға – 189,8 мың теңге, қызметтерге – 122,5 мың теңге.

Қазақстанның басқа облыстарының тұрғындары қанша ақша жұмсайтыны инфографикада көрсетілген.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560