Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3134 0 пікір 29 Наурыз, 2023 сағат 14:03

Сайланған әкім мен тағайындалған әкімнің айырмасы

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау өтетінін айтты. Президенттің осы сөзінен кейін біздің Шудағы әкім сайлауы еске түсті.

Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтерде әкімді тұрғындардың өзі сайлап жүр. Сондай сайлау 2021 жылы Шу қаласында өтті. Жамбыл облысындағы аудандық маңызы бар теміржолшылар қаласында 45 мыңнан астам халық тұрады (биыл халық саны 50 мыңдық межені бағындырса, облыстық маңызы бар қалаға айналады).

Яғни, шағын қалада мыңдаған электорат (30 мыңдай) бар болғандықтан, әкім сайлауы тартысты өтті. Өзін-өзі ұсынған кандидат Ержан Естияр билік партиясының атынан сайлауға түскен қарсыласының алдын орап кетті. Жұрт таңданысын жасырмады. Бұл бұған дейін әкімдерінің кім екенін білмей келген шулықтардың сайлауға белсене қатысқанының арқасында мүмкін болды. Бастысы, жергілікті тұрғындар сайлауға немқұрайлы қарамауы керек. Ал, әкімдердің сайлануы өзінің тиімділігін көрсеткенін Шудың мысалынан көреміз. Үгіт-насихат кезінде кандидаттар тұрғындармен тілдесті. Олардың жанайқайын естіді. Әрине, кішкентай қаладағы үлкен мәселелерді бірден шешу мүмкін емес. Сол себепті жергілікті жерлер қаржылық ресурстарды қажет етеді. Оны Ержан Серікұлының өзі де «қала бюджеті шағын, ал шешімін табуы тиіс мәселе көп» деп айтқан болатын.

Президент алдағы уақытта еліміздегі барлық аудан әкімдері сайланатынын, сөйтіп биліктің барлық институттары жаңарып, тың қарқынмен жұмыс істей бастайтынын да айтты. Өйткені, сайланған әкім мен тағайындалған әкімнің арасы жер мен көктей болатынын уақыттың өзі көрсетті. Сайланған әкім алдымен сайлаушылардың алдында жауап береді. Өркениетті елдерде де солай. Мысалы, 38 млн халқы бар Польшаның кәрі құрлықтың 27 елінің басын қосқан Еуропалық Одақтағы алтыншы экономикасы және әлем елдері арасында жиырмасыншы экономикасы болуына көбіне сәтті жүргізілген жергілікті өзін-өзі басқару реформаларының арқасында мүмкін болғанын сарапшылар да айтып жүр. Бүгін «Біз азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейте береміз» деп айтқан Президент те осы ойды меңзейді.

Жасұлан Мәуленұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321