Жұма, 22 Қараша 2024
2208 2 пікір 31 Наурыз, 2023 сағат 17:34

Боранбаев 8 жылға сотталды

Астананың Сарыарқа аудандық №2 соты Қайрат Боранбаевқа қатысты үкім шығарды.  

Бұған дейін, 28 наурызда өткен сот отырысында прокурор Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады.

Еске салсақ, өткен жылы 17 наурызда соттың шешімімен Қайрат Боранбаев 2 айға қамалған. Қайрат Боранбаевтың ісі сотта былтыр желтоқсаннан бастап қарала бастады. Тергеу нұсқасы бойынша, 2019 жылы Қайрат Боранбаев, Роман Наханов, Тайыр Жанұзақ пен Ибулла Серді өздерінің бақылауындағы «АзияГаз Чунджа» ЖШС арқылы Qazaq Gaz ұлттық компаниясынан (бұрынғы ҚазТрансГаз) газ тасымалдау кезінде қаражат жымқырған. Істе прокурорлар жымқырылған сома көлемі 14,5 млрд теңге екенін айтады.

Үш айыпталушы – Қайрат Боранбаев, Роман Наханов, Тайыр Жанұзақ өзіне тағылған айыппен келіспейді. Ибулла Серді шет елдердің бірінде былтырдан бері бой тасалап жүр.

Кейін Қайрат Боранбаевтың сыртқа заңсыз шығарылған активтері қайтарыла бастағаны хабарланды.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5261