Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 3056 2 пікір 7 Сәуір, 2023 сағат 12:39

Кавказдағы Қазақ елі. Елтеңіз Атабек кім? (жалғасы)

Енді Әл Масудидің Каспий мен Қара теңіз арасындағы аймақ (қазіргі Әзербайжан, Грузия, Шығыс Дағыстан және Абхазия жерлері) халықтары жайлы деректеріне көз жүгіртсек:

«Вернемся теперь к описанию ал-Баб вал-абваба и племен, живущих поблизости от Стены и горы Кабх (Кавказ). Мы сказали, что вреднейшим из таких соседних народов является княжество Джидан. Его царь — мусульманин, который заявляет, будто он араб из [племени] Кахтан. В настоящее время, а именно в 943 году, он известен как Салифан, и в его государстве нет других мусульман, кроме него, его сына и семьи.... Между Джиданом и ал-Бабом живут мусульмане арабы, которые не говорят хорошо ни на каком языке, кроме арабского. Они живут на границе с царством Джидан, но защищены от него зарослями и реками. От них до города ал-Баб около трех миль, и жители ал-Баб приходят им на помощь. Со стороны Кабха и Сарира Джидан граничит с [землей] царя, называемого Б.рзбан, который мусульманин, и город его называется К.р.дж. (*Карах). Они вооружены булавами. Каждый правитель этого царства зовется Б.рзбан. За этой землей лежит владение Гумик. Его жители – христиане – не подчиняются никакому царю, но имеют начальников и живут в мире с царством Алан. Затем в сторону Сарира и гор владение Зарика-ран (Зирих-Гаран), что означает “Мастера кольчуг”, потому что большинство из них делает кольчуги, стремена, уздечки, мечи и другие роды оружия из железа. Они исповедуют различные религии: ислам, христианство и иудейство. Их страна гористая, и это защищает их от соседей. Затем идет [владение] царя Сарира, который зовется Филан-шах (Килан-шах?) и исповедует христианство. Его стали называть “Владетель трона”, а его столица называлась Хунзах. Его страна суровая, и по этой причине недоступная, будучи расположена на одном из отрогов Кабха. Царь совершает нападения на хазар и одерживает победы над ними, потому что они на равнине, а он в горах...» (Ал Масуди – «История Ширвана и Ал Баба»).

Әл Баб қаласы, шамамен қазіргі Ленкорон қаласына жақын аймақта, ал Джидан деген бұзақы ел (еврей елі) қазіргі Әзербайжанның Тертер мен Бардин аудандары аумағында болғанын аңғардық. Ал мұсылман Барзбан патша елі дегені – мұсылман Қазақ елі. Өйткені, орысша аудармада Карадж және Карах деп екі түрлі нұсқамен көрсетілген қала – қазіргі Қазақ қаласы. Арабша жазылулары: كزح – казах,  كرح – карах,  كرج – карадж  (Қазақ қаласы екенін мойындаса, онда әл-Баб қаласы Дағыстанда емесін де мойындауға мәжбүр болатындарын орыстар жақсы түсінеді). Ел билеушісін орысша «Барзбан» деп аударыпты, ол дұрысында «Бадшаң» (патша) болуы мүмкін. Батыс қазақтары, оның ішінде Кавказда анық болған адайлар билеушіні «Бадша» деп атайды («хан» демейді). Арабша жазылулары: بارذبان  – барзбанباضشان – бадшан. Олардың қаруы «булава» екен, Дон казактары да осы қаруды ұстаған (казактар – Кавказдан барған қазақтар екенін айттық). Олардың көршілері христиан дінді Құмық (гумик) елі екен (олардың хунь халқының құман тайпасынан қалыптасқанын алдыңғы мақалаларымыздың бірінде жазғанбыз). Құмық елі билеушілері Алан патшасының ықпалында болғанын байқаймыз.

Аландар – ұрпағы бірін-бірі «алан» деп атайтын қарашай мен балқарлар, олар мен құмықтардың тілі қазақ тіліне жақын. Құмық елінің солтүстігінде, таулы жерде Зарах-ғаран елі орналасқан, ол ұсталар елі еді (қару жарақ жасайтын ел, «Зарах ғаран» атауы қазақша – «Жарах ғару»). Одан кейін Сарир патшалығына келсек, Хунзах қаласы ол елдің Аварлар патшалығы екенін айғақтайды. Осы ел жайлы алдыңғы жазбаларымыздағы деректерді еске сала кетейік: Асылұя жайлы мақалалардың бірінде IV ғасырда Жужан қағанатын орнатқан Сұрбөрас династиясы екенін, олардың Закавказьедегі тобы онда Савир патшалығын орнатқанын (Сұрбөр атауын «сиавур-ивир» деп бұрмалаған парсы-грек жазбалары ықпалымен тарихқа Савир болып енген), ол мемлекет халқы журжан деп аталғанын (негізінен хунь халқының сұрбөрі тайпасы), олардың әскерінде абар мен маңғы (адай руы да бар) тайпалары да болғанын айтқанбыз. Савир билеушілері V ғасырда христиандыққа өткенін, VІ ғасырда бір жағынан Иран әскері мен хазарлар жаулаған, екінші жағынан Византия қысқан Савир патшалығы жойылғанын, оның халқы журжандар қазіргі Грузиядағы кіші Кавказ тауына кетіп «Журзан» (грузин) деген христиан халық болып қалыптасқанын мәлімдегенбіз.

Савир патшалығы 558-жылы жойылғанда халқының Баян хан бастаған үлкен тобы Еуропаға кетіп, онда 562-жылы Авар қағанатын орнатқан болатын (астанасы Сиавур деп аталған). Савир патшалығы жойылғанда маңғы тайпасы қазіргі Шығыс Осетия аймағында қалғанын онда сақталған Адай тауы, өзені, шатқалдары дәлелдейді және дигор-осетиндердегі Адаев әулеті де солардан қалған белгі. Тбилисидегі маңғы тайпасы қарапапах халқын қалыптастыруға қатысқанына қазіргі қарақалпақтардағы маңғыт тобы куә (Киевтегі «чорноклобук» құрамында «могуты» деп аталады). Шығыс Осетиядағы маңғы тайпасы VІІ ғасырда сол жерге орныққан Қазақ елі құрамында қалған. Өйткені, ХІІ ғасырда Закавказьеден ежелгі ата қонысы Маңғыстауға қайтып оралған маңғылар (адайлар) өздерін «қазақпыз» деп таныды. Ал абар тайпасы Савир патшалығы жойылғанда үлкен Кавказда шоғырланып, Сарир деген жеке княздік орнатқан. Олардың мекені – Хунзах үстірті және астанасы Хунзах қаласы болғаны мәлім.

Аварлар мен грузиндердің (журзан) христиандық діндері мен шіркеулік жазбалары ХІ ғасырға дейін бірдей болған. Осы фактінің өзі авар мен грузин Савир патшалығының халқы болғанына куә (ХІ ғасырда абарларды Қырымнан келген урус тобы католик дініне көшірген, ал ХІV ғасырда аварлар Ислам дінін қабылдаған). Абар тайпасының әуелгі отаны біздегі Тарбағатай тауы екенін (ондағы «Абыралы» атауы солардан қалған), хунь мен сақтардан қалыптасқан қазақ халқы әуелі құңзақ деп аталғанын және халық атауы солай болған ІV ғасырда абар тайпасы Кавказға кеткенін, олар өзімен бірге Хунзах атауын Кавказға және VІ ғасырда одан әрі Венгрияға (Авар қағанатына) алып барғанын жазғанбыз (Венгриядағы Кишкунзак пен Надкунзак атаулары). Рим-еуропалық деректер аварлардың бір ерекшелігі «шаштарын артына буып алатынында» деп көрсетеді. Осы ерекшеліктерінен біздің жерде қалған абыр елі «жалды абыр» деп аталып, сосын атаулары «жалабыр» (сәл бұрмаланған «Шалдабар» деген аумақ атауы соның куәсі), соңынан «жалайыр» болып орныққан деу орынды деп санаймыз (Араб әліпбиімен жазылған шежіреімізді кирилицалаған орыс ғалымдары екені анық, «б» әрпін «у» деп бұрмалайтын орыс тілінің ықпалынан «жалабыр» атауы «жалайыр» болып кетуі әбден мүмкін. Мысалы, Атырап деген аумақты Атырау етіп орнықтырған сол орыс тілі заңдылығы болатын). Яғни, қазақтың Жалайыр тайпасы сол құңзақ халқының даңқты абар-абыр тайпасының тап өзі деп танимыз. Осы деректер қазіргі кавказдық авар ұлты қазаққа құмық, қарашай, балқардан (аландардан) жақын екенін көрсетеді. Алайда, тілдері ұзақ ғасырлар ұстанған византиялық және католиктік шіркеу тілдерімен қатты өзгерген және отырған аймақ климаты да оларды «кавказдық» еткен (осындай себептен және Ресей өзгерткен тарихты оқып өскендіктен, олардың өздері де қазаққа туысқан екендеріне сенбейді, біз де сене қоймаймыз).

Әл Масуди Тбилиси аймағындағы мұсылман патшалығының көршілері Алан, Абхаз, Журзан (грузин), Санар (шемар-вайнах) княздіктері екенін баяндайды: «Затем следует царство Алан. Аланский царь выступает [в походах] с 30 тыс. всадников. Он могуществен, мужествен, очень силен и ведет твердую политику среди царей. Народ, соседний со страной Алан, называется абхаз. Абхазцы исповедуют христианство и сейчас имеют своего царя, но аланский царь главенствует над ними. Живут они около горы Кабх. К ним примыкает царство Джурзийа (Грузия). Это большой народ, они — христиане и называют их джурзан. Они теперь имеют царя, он зовется ат-Таби'и, а столица этого царя называется Масджид дзил-Карнайн. Абхазцы и грузины платили харадж владетелю пограничной области Тифлис с того времени, как Тифлис был завоеван и в нем поселились мусульмане, до времени Мутаваккила. В Тифлисе был человек по имени Исхак б. Исмаил, который с помощью бывших с ним мусульман властвовал над соседними народами, и они покорялись ему и платили подушную подать. Он повелевал всеми, кто здесь был, пока Мутаваккил непослал Буга, который вошел в пограничную область Тифлис. Он оставался там, ведя бои, и наконец взял [Тифлис] силой оружия и предал смерти Исхака за то, что тот был захватчиком этой области. С того времени до настоящих дней в пограничной области Тифлис страх перед мусульманами исчез, и соседние владения вышли из повиновения и прирезали себе большую часть тифлисских поместий. Пути проникновения из стран ислама в пограничную область Тифлис оказались прерваны [так как] они шли через земли этих племен неверных, ибо ими была окружена пограничная область. Однако обитатели ее полны силы и смелости, несмотря на то что их окружают упомянутые земли. К царству Джурзан примыкает страна, называемая Самсхи, которая состоит из христиан и язычников и не имеет царя. За ним, между пограничной областью Тифлис и уже упомянутой крепостью “Аланские ворота”, лежит царство Санария, царь которого называется корискус, что является обычным титулом здешних царей. Они христиане, но претендуют на происхождение от арабов, а именно от Низара б. Ма'адда б. Мудара, а затем от ветви семьи Укайл, поселившейся здесь с давних времен. В этой страна они господствуют над многими народами». (Ал Масуди – «История Ширвана и Ал Баба»).

Сарир княздігінің (авар елі) оңтүстік-батысында Алан патшалығы орналасқан, аландар ұрпағы – бірін-бірі «алан» деп атайтын қарашай мен балқар ұлттары. Осетиндердің дигор деген бөлігі де аландардан, олар аландардың ас-тұғыр (аш-дигор) тайпасынан. Ал осетиндердің екінші негізгі бөлігін құрайтын ирондардың аландарға еш қатысы жоқ (ресейліктер дигор тобын пайдаланып, «Осетиндер – алан ұрпағы» дейді. Алайда, осетиндердің негізгі бөлігі ирондар екенін мүлде айтпайды). Астанасы Тбилиси болған мұсылман мемлекеті Алан еліне шекаралас екен. Осы мұсылман патшалығы Қарапапах елі екені анық, әзербайжандар құрамына кейін енген қарапапах ұлтының үлкен тобы әлі де Тбилиси аймағында отыр. Әл Масуди осы мұсылман елі Х ғасырға дейін журзан (журжан-грузин) мен абхаз елін билеп келгенін жазған. Ал ІХ ғасырдағы Византия императоры өз жазбасында Тбилиси орналасқан аймақтағы елді  «Папагия» деп көрсеткен. Оның «Папагия» дегені – осы қара-Папах елі. Шамасы, Савир патшалығының астанасы да осы Тбилиси болған. Савир патшалығы жойылғанда Хазар тайпасы билеушілері немесе Иранның аймаққа бас-көз етіп тағайындаған өкілдері Тбилисиде отырған (626-жылы қысық көз азияттардың Тбилисиді қалай жаулап алғанын сол ирандық деректер жеткізеді).

Қарапапахтар Тбилиси аймағына сол VІ ғасырда орныққан хазарлар мен Тбилисиді VІІ ғасырда (626-жылы) жаулап алған қазақтардың өзара араласуымен қалыптасқан (хазарлар – қазіргі Түркімениядан шыққан тайпа, түркімендер құрамында әлі бар). Хазарлардың бас киімі түркімендік папаха болған, Закавказьеге осы бас киімді жеткізген хазар тайпасы деп тұжырымдаймыз. Қарапапахтар Тбилисиде отырып айналасындағы таудағы абхаз, журжан (грузин) тәрізді елдерді билеген. Папаха киетіндіктен, Византия императоры олар билеген аймақты «страна Папагия» деп атаған. Кейін папах барша Закавказье халықтарының бас киіміне айналғанда, олар өздерін билеуші ретінде ерекшелеу үшін қара папах киген және өзгелерге оны киюге тыйым салған дегеніміз дұрыс. Сол қара түсті бас киімдерінің себебінен «Қарапапах» деген жеке халық болып қалыптасты. Осы Қарапапах елін ХІІ ғасырда Журзан (грузин) патшасы жойып, Тбилиси қаласын тартып алады. Сол заманда қарапапахтардың бір тобы Куаб (Киев) княздігіне барып орнығып, тарихта «чорно клобуки» атауымен қалды. Олардың бір бөлігі Орта Азиға қайтып келіп, өздеріне бағынған қазақтың қыпшақ, қоңырат, қаңлы  руларын құрамына сіңдіріп, қазіргі қарақалпақ ұлтын құрады. Қарақалпақ пен ноғай тілі қазақ тіліне өте жақын, сол себепті ол екі тілді қазақ тілінің диалектілері деген ғалымдар да болған.

Қарақалпақтардың ұлттық бас киімі «қара папах» екені белгілі, олардың ұлттық киімдеріндегі ою-нақыштар әзербайжандардың ою-нақыштарымен ұқсас және әйелдерінің ұлттық киімі әзербайжан әйелдерімен  бірдей десе де болады. Қарақалпақ құрамындағы «қазаяқлар» – Тбилисиді VІІ ғасырда жаулап алған қазақтардың ұрпағы. Тбилиси хазарлары өздерін басып алған қазақтарды «қазақлар» деп атаған. Екеуі бірігіп Тбилиси аймағында қарапапах халқы болып қалыптасқан, сол қазақтар қарақалпақтағы қазаяқлар болып табылады. Қарақалпақтағы оймауыт, атанақ, омир, гобдир рулары мен түркімендердегі йомуд, ата, эмирели, чобдир рулары туыс десек, қателеспейміз. Аталған түркімендік рулар Тбилисиде отырған хазар елі құрамында болған және сол аймақтағы қазақтармен бірге қарапапақ ұлтын қалыптастырған. Қазаққа ең жақын қарақалпақ тілінде түркімендік белгілер де бар болуы олардың әуелде Тбилиси аумағындағы хазарлар екендігімен байланысты.

Аранн атауы закавказьелік екеніне және «аран» дегендер армиян ұлтын қалыптастырғанына ешкімнің дауы болмас. Сондықтан қарақалпақтағы араншы руы сол Закавказьеде қарапапахтарға сіңген жергілікті арандар дегеніміз жөн.

Тбилиси қаласы Хазар қағанатының әуелгі астанасы болғанын айттық, Хазар қағанатын Түркі Ашина династиясы билегені мәлім. Хорезмшах әулеті ХІІ ғасырда Кавказдан келген қарапапахтардың билеуші династиясы деп білеміз. Оларда Түркі Ашиналар болғандықтан, оғыз елін билеген Түркі Селджуктермен (Төргі Асылжік) жақындаса алған және кейін солардың орнына билікке келген. Жалпы, Хорезм қаласы Иран аумағында болғанын Ибн әл Асир жазады, орыстардың Үргеніш қаласын көне Хорезм дегені – жалған. Ибн Батута жазбасындағы Хожелі қаласын да орыстардың Хорезм деп бұрмалағанын бұған дейін нақты дәлелдермен көрсеттік.

Ибн әл Асир деректерінде VІІІ ғасырда «Астархан хорезмиец» деген түркі ханы Арменяны шауып, ол жерден көп мұсылманды тұтқындап, Тбилиси қаласына алып кеткені қамтылған: «В этом, 764 году напал Астархан-хорезмиец во главе полчища тюрок на мусульман где-то в Арминии, увел много народу, как мусульман, так и зиммиев и вступил в Тифлис...»  (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»). Яғни, осы «Астархан хорезмиец» деген адам – Тбилиси аумағындағы Қарапапах патшалығының билеушісі. Оның «Астархан» есімі «Ас династиясының ханы» деген мағына береді. Демек, ол да Асылұя династиясынан, анығырақ айтсақ, Түркі Ашина тобынан.

Хорезмшах династиясы қыпшақ тайпасымен тығыз одақтас болғаны белгілі, қыпшақтар қарақалпақ құрамына сол заманда сіңген. Шыңғыс ханнан қашқан Хорезмшах ұлының Кавказға бой тасалауы және ондағы Тбилиси қаласынан гуржандарды (грузин) қуып шыққаны, өзінің сол қалада орнығуы бекер емес. Ол өз елінің Тбилисиде қалыптасқанын, яғни Отаны Тбилиси екенін ұмытпаған және қарапапахтардың үлкен тобы Тбилиси аймағында әлі де отырғаны анық. Қазіргі әзербайжандағы қарапапахтарда хан тайпасы деп танылған «Борчало» деген ру бар, оның әуелгі дұрыс атауы – Бөршілер, Түркі Селжуктердің балама атауы «бөріші» болғанын алдыңғы мақалада айтқанбыз. Әуелде Тюрки Селджук (Төргі Асылжік) билеушінің қызметшісі болған (орысшада «құлы» делінген). Кейін патшалықты иеленген Хорезмшах қарапапахтарды билеген Бөрші Ашина тобынан дейміз. Құз хан Ас Шыңның Хорезмшахты «Өзің айтқандай шынымен сұлтан болсаң...» деп сөккені араб тарихшысы Ибн Әл Асир еңбегінде жазылған. Осы сөздер Хорезмшахтың құл ұрпағы емесін, керісінше сұлтандар ұрпағы екенін, яғни асылұялық екенін аңғартады.

Абхаз елі Алан патшалығына көрші, яғни Алан патшалығы Сарир (авар) мен Абхаз елдері арасында орналасқан. Ал Абхаз еліне кіші Кавказ тауында отырған Журзан (грузин) елі көрші. Тағы Самсхи елі мен арғы тегі араб Санар елі де сол маңда отырған. Осылардың барлығы – Тбилиси аймағынан Колхида ойпатына дейінгі таулы аймақтарда орналасқан елдер. Ол заманда абхаздар қазіргі Абхазияда емес, Тбилисиге жақын аймақты мекендеген. Журзан деп отырған грузиндер ІV ғасырда Закавказьеде Савир патшалығын орнатқан Журжан (жужан) елінен қалыптасқанын айттық. Олардың қазаққа ұқсас тілдері христиандық Византия-грек тілімен қатты өзгеріске ұшырады. Әуелі – журжан, Х ғасырда – журзан, сосын ХІ ғасырда курзан деп аталған сол халық – қазіргі грузин ұлты. Әл Масуди Закавказьені аралаған Х ғасырда олардың тілдері қазақылығын әлі жоғалтпаған, билеушісінің Атаби (ат-табии), ел астанасының Мешіт Зұлқарнайын (Масджид дзил-Карнайн) деп аталғанын баяндаған. Ал ХVІ ғасырдағы Грузия патшаларын тағайындауда төреші болған грузин батырының халық берген лақап аты – Моуровий, оның ескі мағынасы – Мұра Би екенін Х ғасырдағы грузин билеушісінің Ата Би деген атауы байқатады.

Ал Санар елі – қазір өздерін вайнах деп атайтын шешен-ингуш-аккилердің ата-бабалары, арабша түпнұсқадағы «шамар» атауын орысшада «санар» деп бұрмалануы мүмкін. Олардың ескі атауы шемар екені шешендердің аңыз деректерінде айтылады. Ол атау Таяу Шығыстағы Шемар деген жерден келгендіктерімен байланысты. Вайнах елінің арғы тегі арабтан екені олардың тілдерінің дыбысталу ерекшеліктерінен және олардағы «тейп» сөзінен байқалады (арапша «тайфа» – оларда «тейп»). Көршілері авар, құмық, қарашай, балқарлар «тұхым» сөзін қолданады, тек вайнахтарда ол «тейп» (арабтық «тайфа»). Олардың арабтық тілден алыстауы көп жылдар бойы византиялық христиандықта болуларымен байланысты (шіркеулік грек тілі ықпалымен шемар-вайнах тілі араб тілінен қашықтаған). Шемар халқының сөзге шешен бөлігін «шешен», ал тауды үңгіп үй салатын бөлігін «үңгіш» деп атаған Кавказдағы қазақ елі деп білеміз. Яғни, шешен, ингуш ұлттарына атау берген Колхида ойпатында отырған қазақтар.

Енді Әл Масудидің Колхида даласындағы Қазақ елі жайлы айтқандарына назар аударсақ: «За царством аланов находится народ, называемый кашак. По поводу моря, у которого они живут, мнения людей расходятся: одни полагают, что это Румское море, а другие – что это Нитас. Во всяком случае, по морю от них недалеко до земель Трапезонда, откуда товары идут к ним на кораблях и с их стороны также отправляются [корабли]... На этом море лежит Трапезонд, прибрежный город, где ежегодно происходит несколько торгов, и на них для торговли приходит много народов, таких, как мусульмане, греки, армяне, а также люди из страны кашаков...»  (Ал Масуди – «История Ширвана и Ал Баба»).

Әл Масуди Аландардың батысында (Колхида даласында) Кашақ елі отырғанын, олардың жері Қара теңіз жағасына дейін созылатынын айтады (оның Қара теңіз екенін Трапезонд қаласы айқын дәлелдейді). Византия императоры да ІХ ғасырда осы Колхида аймағын «страна Касахия» деп көрсеткен. Арабша жазылуы: كاشح  – кашах, كاسح  – касах. Ал ХІІІ ғасырдағы араб тарихшысы Ибн әл Асир оларды «Қыпшақ» дейді. Ол жақта қыс жылы, жаз салқын болатынын, жерінің шөбі шүйгін екенін және жері Қара теңізбен шектесетінін былай баяндайды: «татары же остались в стране кипчаков, богатой большими постбищами зимой и летом. В ней есть холодные летом и теплые зимой места, богатые пастбищами. Это — страна лесов на берегу моря. Они (татары) дошли до города Судака, города кипчаков, где их главные силы; он находится на берегу Хазарского моря и к нему пристают корабли. В нем продаются одежды и покупаются рабыни и рабы, буртаси, кондор, соболь и другие продукты их страны. Это Хазарское море соединяется с заливом Константинополя...». (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).

Ибн әл Асир қыпшақ елінде Судак деген портты қала барын, ол жағасында отырған Хазар теңізінің Константинополь бұғазымен байланысты екенін айтып өтеді. Теңіздің Хазар емес, Қара теңіз екенін осы Константинополь бұғазы айқындайды. Арабша түпнұсқадағы «Хара» атауын «Хаза» деп түсіндіріп, теңізді орысшада әдейі Хазар деп көрсетуі әбден мүмкін (арабша жазылулары: حازا – хаза, حارا – хара). Бәлкім, жағасында қазақтар отырған теңіз ХІІІ ғасырда «Хазақ» деп те аталып, оны арабша түпнұсқадан орысшаға «Хазар» деп аударған болар (арабша жазылулары: حازاق – хазақ, حازار – хазар). Қара теңіз жағасында Судак қаласы барын, ол Алтын Орда билігінде болғанын және тұрғындары қыпшақтар екенін ХІV ғасырдағы араб саяхатшысы Ибн Батута да жазады (ол қала қазіргі Новороссийск екенін Ибн Батута туралы жазбамызда дәлелдегенбіз).

Ибн әл Асир қыпшақтардың Шыңғысхан елімен бір халық екенін нақты дерекпен көрсетеді, осы дерек олардың түркітілді екенін айғақтайды (адых тілді кабардиндердің ата-бабасы емес). Ал «Кашах», «Касах» және «Қыпшақ» атауларын «Маңғол» атауымен байланыстыру еш мүмкін емес. Кавказдағы осы ел ХVІ ғасырдағы Грузия тарихында «казах» деп анық жазылған (Анна Антоновскаяның «Ұлы Моуровий» деген еңбегі). Осы деректер Кавказдағы сол ел қазақтар екенін және Шыңғысхан елі де қазақтар болғанын анық растайды. Қазақ елі ХVІ ғасырда грузиндерге көрші отырғаны Анна Антоновскаяның «Ұлы Моуровий» атты еңбегінде былай жазылған: «Казахи подумают – помощь Кахети оказали..., тваладцы держали в страхе врагов царя, особенно казахов,...  От послов же Георгий X потребовал запись на оставление в Картли 150 стрельцов и досылки остальных по уговору для войны против казахов и других агарян…, Кахети еще не оправилась от набегов казахов, ...в Средней Картли "гостили" казахи, и многие деревни остались не только без хлеба, но и без жилищ... Первым увидел казахов зоркий глаз Датуна, еще восемь деревень разрушили казахи за ханского сына... Много женщин в аулы погнали. Опустошительный набег казахов и запоздалая помощь горийских дружин не способствовали веселому настроению... «В замке долго высмеивали сумасшедшего азнаура, идущего войной с горстью дружинников на казахские эйлаги... Срывая пестрые полотнища шатров, картлийцы набрасывались на спящих. Казахов, пытавшихся прорваться из эйлага, приканчивали на месте тайные засады тваладцев. Саакадзе распорядился снять с ароб казашек и предоставил дружинникам выбрать себе девушек, детей отделил для продажи в Имерети. Под смех и жестокие шутки казашки с дикими воплями прижимали к себе плачущих детей. Старая Кетеван голову казаха на память выпросила, около буйволятника прибила... Впереди зурначей на длинном шесте колыхалась разукрашенная петушиными перьями голова Мамбет-хана, окруженная свитой из двухсот казахских голов на черных шестах. Зугза, пленница в Метехском замке, была по-прежнему непокорной казашкой. ...Дай коня и одежду джигита! - страстно выкрикнула Зугза. - Вернусь к брату в эйлаг, снова ханшей буду! Луарсаб войной пойдет на казахов. Мысль о том, чтобы дать возможность царю успокоиться в битве с казахами, ... готовиться к войне с казахским ханом..., немедленно напасть на Казахию и убить Омар-хана. Через несколько дней грузинские войска подошли к Казахии. ...Луарсаб удивился, заметив спешные военные приготовления хана Казахии. Казахи ордой бросились на стройные ряды грузинского войска. Луарсаб стремительно рвался в глубь Казахии... Волнения в царстве не утихают: то обнаглевшие казахи устраивают набеги. Все же другого выхода нет, придется идти войной на богатую Казахию... На левом краю иранцев хан Казахии, храбрый Шабанда, уже развернул легкую степную конницу'... С диким гиканьем вынеслись казахи за своим ханом на край долины... Гиви сунул священнику несколько марчили, попросив привезти казахскую плетку...» (Анна Антоновская – «Великий Моуровий).  

Анна Антоновская әңгіме қылып отырған қазақтар біздің ұлтымыздан екені даусыз, оны ресейлік ғалымдар да мойындайды. Ондағы «эйлак (айлақ), ауыл, шатр (киіз үй), казахский плет (қазақ қамшысы)» деген сөздер олардың біздің қазақ екеніне куә. Алайда, Зугза, Мамбет, Омар, Шабанда деген кісі есімдері ол елдің ертеден кавказдық қазақтар екенін көрсетеді. Олардың қазақтар екеніне Ресей тарихшылары да амалсыз бас изейді. Оны өздері дайындаған жалған тарихқа сай ету үшін «ХVІ ғасырда кей қазақ тайпалары Грузия аймағына қоныстанған» деп бұрмалайды. Егер солай болса, ол қазақтар азияттар болуы тиіс еді. Бірақ Анна Антоновская деректерінде олардың түр-түсі азияттық болғаны мүлде айтылмайды, керісінше олар жергілікті кавказдықтар екені байқалады.

Ибн әл Асир қазіргі Әзербайжандағы Қазақ қаласы VІІІ ғасырдан бар екенін және сол жүз жылдықта ол аймақта қыпшақтар мекендегенін айтса, Әл Масуди ол қаланың Х ғасырда мұсылман патшалығының астанасы болғанын жазады. Византия императоры Колхида даласында ІХ ғасырда Касахия елі болған дейді, Әл Масуди сол далада Қара теңіз жағасына дейін отырған халықты «Қашақ елі» деп көрсетеді. Ал Ибн әл Асир ол елді ХІІІ ғасырда Қыпшақ елі деп атайды және Шыңғысхан елімен олардың бір халық екенін баяндайды. ХVІ ғасырда ол елдің өз атауы қазақ болғанын, олардың киіз үйлерін тастамаған (шатрларын) мұсылман қазақ екенін Анна Антоновская еңбегінен көреміз. Әзербайжан жерінде ХV-ХІХ ғасырлар аралығында болған Қазақ сұлтанаты (астанасы Қазақ қаласы) жайлы ел тарихында: «Қазақ сұлтанатын ХV ғасырда Грузия аймағынан ауып келген түркі тайпалары орнатқан» деп көрсетіледі. Христиан дінді грузин патшалары ХV ғасырдан бастап Колхида даласындағы мұсылман Қазақ елін жиі қырғынға ұшыратып, тонаумен болғанын осы Ұлы Моуровий өмірі де анық байқатады. Сол қысымнан ондағы қазақтар қазіргі Әзербайжан аймағындағы қандастарына (Қазақ қаласы орналасқан аймақтағы қазақтарға) барып қосылумен болған және сол жерде дербес Қазақ сұлтанатын орнатқан. Осы келтірілген деректер мен нақты фактілерді көріп-біліп отырып, қазақтың ежелден бар екеніне еш сене алмайтын қазақ тарихшыларын қалай түсінуге болады?

Грузияда туып-өскен Анна Антоновскаяның еңбегі ХХ ғасырдың басында жарық көрген (маған осы кітап туралы айтқан Қыдыралиев Абдрахимға Алла разы болсын). Онда атақты Моуровий жайында, яғни грузин батыры Саакадзе тарихы баяндалады. Осы еңбегі үшін Анна Антоновская Сталиннің мадағына ие болған. Моуровий мен Сталиннің өмірінде көп ұқсастықтар бар, екеуі де Картли аймағынан шыққан. Саакадзе-Моуровий ХVІ ғасырда Колхида даласындағы аз ғана мұсылман қазақтарды қырғынға ұшыратып, қалғанын Грузия аймағынан қазіргі Әзербайжанға біржолата қуып шықты және майда княздіктердің басын қосып, Грузия мемлекетін қалпына келтірді әрі оның аймағын кеңейтті (Қазақтың жері есебінен). Ал Джугашвили-Сталин ХХ ғасырда Ресей империясы аймағындағы ұлттық автономиялардың атқамінерлерін жойып, ол автономияларды орталыққа толық бағындырды, осылайша Кеңес одағын алып империяға айналдырды және Моуровий тәрізді ол да қазақ халқын қырумен болды. Қазақты қолдан жасаған аштықпен азайтты, сосын қазақ жерін кавказдық халықтармен толтырды. Осылайша Грузия жерін месхет түріктерінен, күрділер мен әзербайжандардан және гректерден «тазалады», Қазақстанға қуылған балқарлардың көп жерін Грузияға қосты.

Моуровий шын мәнінде Сталиннің кумирі болған. Сол себептен Анна Антоновскаяның еңбегі цензураға ұшырамаған, нәтижесінде ондағы қазақ елі жайлы деректер өшірілмей жарыққа шыққан. Енді сол Колхида даласындағы Қазақ елі мен оның көршілері жайлы Әл Масуди тағы не айтады, оқып көрелік: «За царством аланов находится народ, называемый кашак. Среди племен этих мест нет народа более изысканной наружности, с более чистыми лицами, нет более красивых мужчин и более прекрасных женщин, более стройных,... и нет народа лучшей внешности, чем этот. Они одеваются в белое, в румскую парчу, в ярко-алую ткань и в различные парчовые ткани, затканные золотом. В их стране производятся различные ткани из каттан того сорта, который именуется тала и который более тонок и носок, чем сорт дабики; один отрез его стоит 10 динаров, и он вывозится в соседние страны ислама. Такие же ткани вывозятся и смежными народами, но славится сорт, вывозимый этими [кашаками]... Причина их слабости по сравнению с аланами в том, что они не допускают назначить над собой царя, который объединял бы их слова. В таком случае ни аланы, ни какой-либо народ не мог бы выжить. За этой прибрежной нацией следует нация, чья страна называется ас-саб'булдан. Это большое и хорошо защищенное племя... Его земли простираются далеко, но я не знаю, к какой из наций оно принадлежит и какова его религия... К ним примыкает другое большое племя, отделенное от кашаков рекой, которая по величине подобна Евфрату и впадает в Нитас, на котором стоит Трапезонд. Оно называется Ир.м и состоит из странных людей. Их вера язычеcкая...» (Ал Масуди – «История Ширвана и Ал Баба»)

Қазақтардан ары отырған ас-сабулдан елі қазіргі батыс Грузиядағы Сван халқы деп білеміз. Алдыңғы мақалаларымыздың бірінде б.д. дейінгі І ғасырда сақтардың албан мен сыбан (албан мен суан) тайпалары Закавказьені жаулап алғанын, сондықтан V ғасырға дейін ол аймақ Албания деп аталғанын (Кавказская Албания), парсылар сыбан (суан) тайпасын «саксыбан», ал албан тайпасын «сакалбан» деп атағанын айтқанбыз (сакалбандардың Еуропаға кеткені Албания халқын қалыптастырды, Қырымда отырғаны қырымлар ұлты болып бірікті, ал сақсыбандар әзербайжандарда «көшпенді шахсеван» тобы болып сақталды және көбі Грузияның батысында «сван» атауымен жеке ел болған (Армениядағы Сван көлі де солардың атауынан). Әл Масуди жазбасындағы сақсыбан елін орысшаға «ассабулдан» деп бұрмалап аударған (Арабша жазылулары: شكصبن – шаксыбан, اثبلصان  – ассабулдан). Сван деген ел Грузияның батысында қазір де бар және грузиндер әлі де оларды толық ассимилияциялай алған жоқ. Ал «Ир» өзенінің қарсы жағасында отырған кәпір елдің ұрпағы – «ирон» деп аталатын осетиндер екені түсінікті (қазір ол өзен «Рион» деп аталады). Осетиндер өздерін «ирон» деп атайды және негізгі тобы әлі ескі сенімдерінде (осетиндердің дигор деген аз бөлігі аландар ұрпағы екенін айттық).

Әл Масуди: «Кашактар сол аймақтағы барша халықтардан әдемі, өйткені беттері өзгелерге қарағанда таза» дейді. Онысы кашактардың беттері қатты жүндес емес дегені. Қазақтар VІІ ғасырда сол аймаққа барғанда жалпақ бет, қысық көзді азияттар болғаны деректерден белгілі, ал Х ғасырдағы Әл Масуди беттері аса жүндес емес кашактар сол аймақтағы халықтардың ең көркемі екенін айтып отыр. Демек, VІІ ғасыр мен Х ғасыр аралығында ол қазақтардың түр-түсі азияттық кейіптен жартылай-кавказдық кейіпке өзгеріп үлгерген. Осы дерек кашактардың бізден барған қазақтар екенін тағы байқатады. Әл Масуди кашактар өте жұқа мата өндіретінін, оның аты «тала» екенін жазады, ондай матаны өзгелер де шығаратынын, алайда кашактардың матасы ең жақсысы екенін баяндайды. Ең жұқа мата ешкі түбітінен тоқылатын «шәлі» екені, оны Орынбор казактары өндіргені белгілі. Казактардың арғы тегі кавказдық қазақтар дедік, оның үстіне сол аймақтағы  әзербайжан, армиян тәрізді ұлттар орамалды «шаль» деп атайды. Әл Масуди жазбасындағы «шәлі» атауын орысшада «тала» деп көрсеткені ғой (арабша жазылулары: شالا – шәлі, تالا – тала).

Ешкі малы суыққа төзімсіз келеді, ешкі ұстауға ең қолайлы жер екі Кавказ тауы арасындағы Колхида даласы. Қазақ даласында суық жел жиі болатындықтан халқымыз ешкіні көп ұстамаған, қойды бастап жүретін аз ғана ешкі баққан (ол аз ғана ешкі суықтан қой арасына тығылып жылынады). Сондықтан ешкі жүнінен жұқа шәлі өндіру бізде жаппай үрдіс алмаған, ал екі Кавказ тауы арасындағы қазақтар ешкі ұстап, оның түбітінен шәлі өндіріп сатумен айналысқан. Әл Масуди ол қазақтардың өз патшасы болмағандықтан, көрші елдерден ұдайы қысым көретінін айтып отыр. Шамасы, Х ғасырда сол Қазақ елі Хазар қағанаты құрамында болған (сол себептен жеке патшасы болмаған). Ал Алан, Абхаз, Шемар (вайнах), Журзан (грузин) елдері өз патшалары бар дербес княздіктер екені жазылған. Хазар қағанаты шамамен ХІ ғасырдың басында жойылды, ал Журзан патшалығы керісінше күшейіп ХІІ ғасырда Колхида даласын жаулап алды (Давид Строитель патша заманы). Яғни, олар Қазақ елін басып алды. Журзан билігін мойындамаған қазақтар сол кезде Қырымға және Дон аймағына қоныс аудара бастаған, ал бағынған қазақтар грузин әскері құрамында мұсылман әскеріне қарсы соғыстарға қатысқаны Ибн әл Асирдің мынау деректерінен белгілі: «В этом, 1120 году произошло вторжение курджов, они же хазары, в мусульманские области. ...С наступлением этого года они выступили вместе с кипчаками и другими соседними народами. Выступили вперед двести человек кипчаков... Войска провели весьма тревожную ночь, думая о сражении, но бог неожиданно послал им облегчение: он посеял между курджами и кипчаками раздоры и вражду, и они бились между собой в ту ночь...» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).

Осы деректе Курджан патшасы ХІІ ғасырда қазіргі Әзербайжан аймағына шабуыл жасағаны («Журзан» ХІ ғасырдан «Куржан» деп жазылады) және курдж әскерінде қазақтар бары баяндалған. Сонымен қатар Колхида даласындағы Қазақ елі әлі мұсылмандық қабылдамағаны жазылған (олардың Х ғасырда мұсылман емесін Әл Масуди де мәлімдеген). Ибн әл Асир осы дерегінде қазақтар мен куржандар (грузиндер) өзара қырылысқанын көрсетеді, яғни қазақтар сәті келсе бостандыққа ұмтылған. Ибн әл Асир курдж (грузин) әскерін «хазар» деп жазады (Хазар қағанаты аймағы куржандар иелігіне өткендіктен болар). Асылұя жайлы  мақаламыздың бірінде Савир патшалығы жойылғанда жужан-сұрбөрас династиясы армиян, грузин, урус-сакалбан елдерінде биліктерін сақтап қалғанын айтқанбыз (Әл Масуди «Сиавурда – армияндардың аса жауынгер бөлігі» деген, грузиндер – сол журзан-савир елі, ал урус-сакалбан елін билеген Сұрбөрі тобы кейін «бөрі», сосын «бөрік» деп аталды, оны «рюрик» деп тарихқа енгізген орыстар). Сол үш елді билегендердердің екеуі ХІ ғасырда католик дінінде болды (армиян мен Қырымдағы урус-сакалбан елі). Ал Давид Строитель патша (Давид Астартөлі) ХІ ғасырда византиялық-христиандықтағы грузин шіркеулеріне басшы етіп Католикосты (католиктік атау) тағайындады. Осы үштік одақ ХІ-ХІІ ғасырларда Түркі Ашина династиясы билеген Хазар қағанатын, Ұлы Бұлғар патшалығын және авар еліндегі Сарир княздігін жойып жіберді.

Авар еліндегі Сарир княздігі орнына Авар нуцалдьдігі орнағаны, оны билеген Қырымнан келген урустар (арғы аталары Арысхан) екені және заңдарында «Урус өкілі қалмаған жағдайда билікке армиян немесе грузин өкілі отыруы тиіс» деп жазылғаны мәлім. Грузин патшалары мен Ресейді билеген Рюрик тобы Шыңғысхан әулетімен, яғни Бөріжігің руымен (борджигин) туыс болатынын, олар жужандық сұрбөрас-шибөраш династиясы ұрпақтары екенін Асылұя тайпасы жайлы мақаламызда мәлімдегенбіз. Шыңғысхан әскерінің Куржан (грузин) патшалығы жерін толық жаулап алмағаны, тек Тбилиси аймағымен ғана шектелуі Шыңғысхан руының грузин патшаларымен туыстығынан деп білген дұрыс (Грузия тарихында өзара бітімге келгені жазылған). Алайда, Шыңғысхан әскері Алан елін толық жаулап тонады және өздерімен бір халық болғанына қарамастан Колхида даласындағы Қазақ елін де толықтай жаулап, тонауға ұшыратты. Себебі, Алан елі мен Қазақ елін билегендер Түркі Ашина династиясынан (Түркі Ашина руы мен Жужан сұрбөрас (шивей-шибөраш) руы Асылұя династиясынан және өзара бақталас-жау екенін Асылұя тайпасы тарихында айтып кеткенбіз).

Араб-парсы жазбалары Куржан (грузин) патшалығы ХІ-ХІV ғасырлар аралығында Закавказьедегі негізгі күшке айналғанын, олардың Гяндж қаласы  аймағын мұсылман халифатынан тартып алғанын айғақтайды. Осы дерек ХІ ғасырдың соңында Қазақ қаласы да грузин патшалығы иелігіне өткенін, яғни ол аймақтағы мұсылман Қазақ патшалығы жойылғанын байқатады. Әзербайжан мемлекеттілігінің негізін қалаған ХІІ ғасырдағы Илденгиз Атабектің құлдыққа сатылған қыпшақ баласы екені, оның өмірі грузин патшалығымен соғысумен өткені, оның бірде Гяндж қаласын қайтарып алғаны, алайда артынша грузин әскері ол қаланы қайта басып алғаны тарихшыларға жақсы таныс. Сондықтан «Әзербайжан мемлекеттілігінің негізін қалаған – қазақ Елтеңіз Атабек» десек, қателеспейміз. Оның асыл арманы – ата-баба мекенін (мұсылман Қазақ патшалығы жерін) азат ету болған. Илденгиз Атабек әскерінде қыпшақтар (қазақтар) көп болғаны, олардың көбі артынан қазіргі Иран аймағына қоныстанғаны тарихи деректерде кездеседі (оған кейінірек тоқталмыз).

 (Жалғасы бар) 

Бекжан Әденұлы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394