Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Ақмылтық 1585 0 пікір 15 Наурыз, 2023 сағат 18:02

Гендерлік саясат: Қазақстан саясатындағы нәзік жандылар кімдер?

Ер мен әйел теңдігін тарихи тұрғыдан алғанда, алғабасар дін өкілдері де, ұлттық құндылықтарды қастерлеп ұрпағына жеткізушілер де жоққа шығармайды. Өткен ғасырда әлемнің батыс-шығыс екі үйекке бөлініп, демократялық-диктатуралық жұйе болып идеялогиялық қарама-қарсы бағытты ұстануына байланысты мазмұны түрлі сипат алды, бір-бірінен өзгеше бағытта, стилде дамыды. Кеңес билігі кезінде де «Әйел теңдігі» дәріптелгенімен саяси, таптық, идеологиялық сипаты басым болды. Ол өз кезегінде біздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі ер мен әйел теңдігі туралы көзқарасымызға, бізге қызыл идеология теріс түсіндіріп келген батыстың гендерлік саясатының мазмұнын дұрыс бағамдауымызға әсер етті.

Гендер (ағылш. gender) – ер мен әйел жынысының қоғамдағы, әлеуметтік ортадағы тең құқылы мәртебесін анықтайтын ұғым. Гендерлік саясат дегеніміз әйелдердің отбасы, ошақ қасында ғана отырмай, ерлермен тең құқылы қоғамның барлық салаларына қатысуын қамтамасыз ету қерек деген сөз.

Шет мемлекеттердің дамуына жүргізілген талдау нәтижесі көрсеткендей әлемде отбасылық және гендерлік саясат саласында бірыңғай әмбебап модель жоқ. Әрбір ел қалыптасқан мемлекеттік басқару, ұлттық ерекшеліктер мен мәдениет жүйесін ескере отырып, өзінің отбасылық және гендерлік саясатын қалыптастырады. Отбасын қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетін дамыған елдерде отбасылық саясаттың үш моделі атап айтуға болады. Олар: либералды, консервативтік және әлеуметтік-демократиялық.

Әлеуметтік саясаттың либералды моделі Ұлыбританияға, Ирландияға, Швейцарияға, Жаңа Зеландияға, Канадаға, Аустралияға және АҚШ-қа тән. Бұл елдерде отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыруда мемлекетке қосалқы рөл бөлінген, көмек мұқтаж отбасыларға ғана көрсетіледі. Азаматтарды әлеуметтік қолдау дамыған сақтандыру жүйелері есебінен жүзеге асырылады және мемлекеттің араласуы өте төмен. Материалдық көмек атаулы бағытқа ие және мұқтаждығын тексеру негізінде ғана ұсынылады.

Ал қазақстанға келсек Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары нәзік жандылар бизнеске белсене араласты. Нәтижесінде ел арасында таралған бейнелі сөзбен айтсақ «Байға да, ГАЙге де бағындайтын іскер әйелдер щоғыры қалыптасты . Олардың материалдық жағдайы оңалған соң, қоғамдық , саяси қызметке араласу талабы күшейді. Қазақстан республикасының гендерлік саясатына қоғам мен заман талабына сай «озығын алып, тозығын тастау» сүзгісімен демократиялы елдердің тәжрибесін қабылдап уақыт өткен сайын кемелденіп келеді. Оның жарқын мысалы ретінде соңғы үш жылдағы әйелдер қауымының саясаттағы үлесінің еселеп артқанынан көруге болады.

2019-жылы наурыз айында елді ұзақ жыл басқарған тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев билікті қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевке табыстады. Сол жылы 9-маусымда президент сайлауы өтіп, «Азат» партиясынан Дания Еспаева ханым президенттік додаға түсті. Ал өткен жылы өткен президент сайлауына екі бірдей әйел президенттікке бақ сынады. Олар Кәсіби әлеуметтік қызметкерлер ұлттық альянысы атынан Қарақат Әбден, «Қазақ аналары-дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Салтанат Тұрсынбекова ханым. 19- наурызда елімізде парламент сайлауы өткені белгілі. Бұл саяси додаға да түскенкандидаттар арасында нәзік жандылар өте көп болды. Сайлау қортындысы бойынша «Азаттық» Еспаева парламенттің орынбасар спикері болды. Қарақат Әбден «Ауыл» партиясы атынан парламент депутаты болды. Олар ғана емес басым орын алған «Аманат» та, «Халықта», «ЖСДП»да, «Республика» партиясы да гендерлік саясатты толық сәулелендіріп, 30 пайыздық жмежені асыра орындады. Жергілікті жерлердегі саяси орғандардағы әйелдердің үлесін айтпаған да қайта жасақталған үкіметтеде гендерлік саясат толық көрініс тапты. Президент жарлығымен Денсаулық министры болып Ажар Ғинаят, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болып Тамара Дүйсен, Экология министрі болып Зүлфия Сүлейменова тағайындалды.

2021-жылғы парламент сайлауында да, «Нұр Отанның праймеризі өз ішінен іріктеу кезіндеде гендерлік саясат талабы қатаң сақталып, 30 пайыздық меже толық бағындырылды. Биылғы парламент сайлауында бұл көрсеткіш тарихи белеске жетті деуге болады. Жоғардағы нақты мысалдар қазақстанның гендерлік саясатының қаман талабына сай, уақыт өткен сайын кемелденіп, жарқын бағытта орнығып келе жатқанын көрсетеді.

Abai.kz

0 пікір