БАҚ: Путиннің Қазақстанда бункері бар ма?
Путиннің Федаралдық қауіпсіз қызметінің бұрынғы капитаны Глеб Каракулов шетелдік басылымдардың біріне Астанаға іс-сапармен келіп, Ресейден қалай қашып құтылғанын баяндады.
Путин қазан айында Астанада өткен үш іс-шараға, атап айтар болсақ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне, ТМД Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына, «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты.
Ал Глеб Астанаға бару үшін алдын ала жазылып, қазанның алтысы күні Астанаға келген. Кейінірек әйелі мен қызы да Глебтің соңынан жеткен. Кейіпкеріміздің өзі қашу уақытын алдын ала нақты жоспарламағанын, тек орайлы сәтті қалт жібермегенін айтты.
«Ештеңе істеп үлгергеніміз жоқ, – дейді ол, – мал-мүлкімізді сатуға да мүмкін болмады. Бәрі аяқ астынан болды. Қазан айының он төрті күні ұшпасақ кешігетін едік, себебі сол айдың он бесінде ФҚК офицерлері Мәскеуге ұшып кетеді».
Каракуловтың айтуынша, оларда қызметтік халықаралық төлқұжат бар екен, бірақ құжат қолдарына тие бермейтін көрінеді. Астанада жұмыс орнында жүргенде жеке басын растау үшін төлқұжаттарын берген. Сөйтіп, соңғы сәтке дейін қайта тапсыру керек екенін естімегенсіп құжатын кері өткізбеген. Сондай-ақ, ол әріптестері іздеп қалмас үшін, жұмыстан кейін үйіне кәдесый сатып алуға баратынын ескерткен. Ал хабарласқан кісілерге «ішім ауырып тұр» деп жауап қатқан. Бұл мезетте Глеб әйелі мен қызын алып әуежайға бара жатқан еді. Ақыры ешқандай кедергісіз Стамбулға ұшты да кетті.
Г.Каракулов сұхбатында бұл басқыншылықты ФҚК қызметкерлерінің бәрі қолдайтынын, Путин тіпті, өз көлеңкесінен де қорқатынын және денсаулығына аса сақ қарайтынын, Путиннің бункерлері бар-жоғын білмейтінін, бірақ, Қазақстандағы Ресей елшілігіндегі бункерге байланыс орнатқанын айтты. Сондай-ақ, Ресейдің ФҚК қызметкерлеріне қайрылды. Онда ол әріптестерін осынау соғысқа қарсы бас көтеруге, Путинге қатысты қолда бар ақпараттарды жариялауға шақырды.
Глеб Каракулов – 12.11.1987 жылы Дағыстан Республикасында дүниеге келген. Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСО) капитаны. 2022 жылдың қазан айының ортасына дейін ол президенттік байланыс бөлімінің инженері болып, Владимир Путинмен бірге жұмыс істеді. Ол Ресей президентіне құпия хабарламалар берумен айналысқан. 2022 жылдың Қазан айында Стамбулға қашып кеткен.
Қазір Ресей Қарақұловтың үстінен қашқындыққа байланысты қылмыстық іс қозғап, іздеу жарияланған.
Abai.kz