«Абай Арланымен студенттік көктем» апталығы
2023 жылдың 10-15 сәуір күндері аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдық мерейтойына орай «Абай Арланымен студенттік көктем» апталығы өтті.
Студенттік апталық аясында өткен іс-шараларға қысқаша шолу:
10 сәуір: Апталықтың алғашқы іс-шарасы болып «Жайдарман» ойындары өтті. Сайыс нәтижесі бойынша I орынды Математика, физика және информатика институтының «50/50» командасы; II орынды Өнер, мәдениет және спорт институтының «Созақбай» командасы; III орынды Жаратылыстану және география институтының «Респект» командасы иеленді. «Үздік қыз ойыншы» номинациясымен Филология институтының «Күлмесең қой» командасының ойыншысы Гүлфариза Жұбатханқызы және «Үздік ұл ойыншы» номинациясымен Өнер, мәдениет және спорт институтының «Созақбай» командасының ойыншысы Иманғали Ырымжан марапатталды. «Ең үздік әзіл» номинациясы бойынша Математика, физика және информатика институтының «50/50» командасы жеңімпаз атанды.
11 сәуір: Институтаралық волейболдан сайыс өткізілді. Сайысқа әр институттан командалар жасақталып, 7 команда өзара бақ сынасты. Қызықты әрі тартысты өткен сайыс нәтижесі бойынша 1-ші орынды Өнер, мәдениет және спорт институты, 2-ші орынды Педагогика және психология институты, 3-ші орынды Жаратылыстану және география институты иеленді. Сайыс ережесіне сәйкес жеңімпаздар арнайы жүлделі орындармен марапатталды.
12 сәуір: Университет студенттеріне арналған «Әлеуметтік лифт» тақырыбында семинар-тренингі өтті. Тренингте университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Нұрланов Шыңғыс спикер болды. Семинар-тренингтің негізгі мақсаты бәсекелестікке қабілетті жастардың қоғамдағы маңыздылығын айшықтау және олардың тұлғалық дамуына ықпалдасу. Аталмыш шарада жастар тақырып бойынша өз пікірлерін ортаға салып, өздерінің қай әлеуметтік лифтке сай келетінін анықтай алды. Семинардың соңында қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.
12 сәуір: «Менің университетімнің тарихы»атты суреттер жарысы ұйымдастырылды. Бұл жарыста университетіміздің өнерлі студенттері бақ сынасты. Суретшілеріміздің жұмыстарын бағалауға арнайы комиссия мүшелері құрылып, байқау ережесіне сәйкес ең үздік деп таныған жұмыстарды анықтады. Байқау қорытындысы бойынша: I орынЖаратылыстану және география институты; II орын Математика, физика және информатика институты; III орынды Өнер, мәдениет және спорт институты иеленді.
13 сәуір: Университет жастарының арасында шығармашылық белсенділікті арттыру мақсатындаКВН (орысша лига) ойындары өткізілді. Әділ-қазылар әр топқа баға бере отырып, сайысқа қатысушыларға Бас жүлде және І, ІІ, ІІІ жүлделі орындарды тағайындады. Атап айтқанда: Бас жүлдені Сәтпаев университетінен келген «Железабетон» құрама командасы; I орындыМатематика, физика және информатика институтының «Опрельская сирень» командасы; II орынды Өнер, мәдениет және спорт институтының«Анастассия» командасы; III орынды «Космос» командасы жеңіп алды. Сонымен қатар, «Лучший игрок» номинациясымен «Балқаш» құрама командасының ойыншысы және Жастар ісі жөніндегі басқарма тағайындаған «Көрермен көзайымы» номинациясымен Педагогика және психология институтының «Да» командасы марапатталды.
13 сәуір: Институтаралық футболдан жарысөткізілді. Студенттердің спорттық шеберлігінкөтеру және салауатты өмір салтын қалыптастыру,университетте спортты кеңінен насихаттаумақсатында ұйымдастырылған жарысқа барлықинститут белсене қатысты. Ойын нәтижесі бойынша: I орынды Математика, физика және информатика институты; II орынды Өнер, мәдениетжәне спорт институты; III орынды Тарих жәнеқұқық институты иеленді.
13 сәуір: «Workout» ойындарынан институтаралық сайыс өткізілді. Спорттық бәсеке турникке тартылу және барларға (брусьяға)тартылу кезеңдерінен тұрды. Сайыста әр институттың білекті жігіттері күш сынасты. Ерекше нәтиже көрсетіп, турникке тартылу кезеңінен жүлдені Өнер, мәдениет және спорт институты, ал барларға (брусьяға) тартылу кезеңі бойынша жеңіске деген жігерілік танытып, жүлдені Жаратылыстану және география институты жеңіп алды!
14 сәуір: «Қызық екен» викторина сайысыөткізілді. Зейін мен интеллектті дамыту, танымдық қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған білім сайысында 7 институттың білгір студенттері додаға түсті. Тартысты ойын нәтижесі бойынша: I орынды Филология институты; II орынды Тарих және құқық институты; III орынды Педагогика жәнепсихология институты иеленді.
14 сәуір: Университетіміздің орыс тілінде білім алатын студенттері арасында «Что? Где? Когда?» викторина сайысы өткізілді. Интеллектуалды ойын қорытындысы бойынша: I орындыМатематика, физика және информатика институты; II орынды Жаратылыстану және география институты; III орынды Педагогика және психология институты иеленді.
15 сәуір: «Үздік студенттік өзін-өзі басқару»сайысы өткізілді. Бұл байқауға әр институттың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен студенттік өзін-өзі басқару ұйым төрағаларыбірлесе қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс нәтижесі бойынша: І орынды Жаратылыстану және география институты; ІІ орынды Өнер, мәдениет және спорт институты; ІІІ орынды Физика, математика және информатика институты иеленді. Сонымен қатар, «Ең ұйымшыл» номинациясымен Педагогика және психология институты, «Ең белсенді» номинациясымен Тарих және құқықинституты, ал «Ең креативті» номинациясымен Филология институты марапатталды.
15 сәуір – «Ең үздік Tiktok және Instagram reels» онлайн байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты университетіміздің символы Абай Арланын қалың көпшілік арасында жарнамалау болып табылады. Сайыс барысында әр институт белсенділері Абай Арланымен түрлі трендтегі видеолар түсіріп, өздерінің ресми парақшаларында жариялады. Жүктелген видеолар мыңдаған қаралым жинай отыра, көптеген оң пікірлер тізбегін жинақтады. Аталмыш байқауға қатысқан барша институттарға арнайы сертификаттар табыс етілді.
Осылайша Абай Арланымен бірге студенттік көктем апталығы өз мәресіне жетті! Белсенділік танытқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Abai.kz