Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3101 0 пікір 10 Мамыр, 2013 сағат 17:35

Жеңіс күні: Георгий лентасы – патшалық Ресейдің әскери мадағы

Жыл сайын 9 мамырға қарай Ресей тарапынан бояуы қанық идеология саулайды. Ондағысы 9 мамырдағы Жеңісті тек қана Ресейге, орыс халқына телу арқылы посткеңестік халықтарды тағы бір өзіне тартуға тырысу және өзгелерге басымдық байқату.

Соңғы кездері бұл саяси қадамдарға жаңа тәуелсіз елдер тарапынан қасарысқан қарсылықтар болып жатыр.

Украинаның  Ивано-Франковск қаласында 9 мамыр Аза тұту күні болып жарияланды және  қалалық депутаттар кәзірде жоқ болған мемлекеттердің (КСРОның), әскери құрылымдардың нышандарын ғимараттар мен мекемелерге, ұйымдарға меншік түрлеріне қарамастан ілуге тыйым салды.
Ал, Ресей ықпалындағы Беларуссияда 6-9 мамыр аралығында супермаркеттер мен сауда орталықтарында георгий бауларын тегін таратуды қолға алушылар шықты.

Бұған қатысты беларусь тарихшысы Анатолий Тарас былай дейді: «Мұның нағыз сұрқия екендігін ұғу үшін азаматтық ұстанымның керегі жоқ. Георгий кресі - патшалық Ресей әскерінің мадағы, георгий бауы КСРО марапаттарында ішінара қолданылғанымен кеңінен енгізілген емес. Бұл - нақұрыстық. Жақсы ниетпен жұмаққа барар жол да былғанғанын білеміз, егер Беларус жаулары біздің киелерімізді осылай былғағысы келсе, бұдан артық ештеңе ойластырудың қажеті шамалы».

Ал, қазақтар, бұл мәселені  әзірге әлеуметтік желілерде  талқылаудан әріге бармай отыр. Кейбіреулері профайлдарына ата-баба қаны мен жанын білдіретін күрең және көгілдір түстерден баудың суретін шығарып қойған.

Былтырғы 9 мамыр қарсаңында бір топ ұлтшыл азамат «Жеңіс күнін» - «Ерлік күнімен» ауыстыруды (http://old.abai.kz/node/8335) ұсынып еді, билік әзірге селт етер емес. Мәселе, басын көтерген империяшыл идеяға қарсы егемен елдің селтетер әрекетін көрсетуде екенін көзіқарақты оқырман жақсы түсінер.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371