Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1605 1 пікір 15 Мамыр, 2023 сағат 17:44

Қазақстанда газды сатып алудың жаңа формуласын таныстырды

Қазақстанның газ саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың Алғашқы Форумы 15 мамырда Астана қаласында өтті. Осы алаң мұнай-газ секторынан 200-ден астам қатысушыны және 70 қазақстандық және халықаралық компанияларды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктірді.

Форум аясында газ сатып алу бағасының жаңа формуласы таныстырылды, сондай-ақ қазақстандық газ өнеркәсібінің баға белгілеу және рентабельділік мәселелері талқыланды. Газды сатып алу бағасының жаңа формуласын енгізу, тауарлық газдың қосымша ресурстарын қалыптастыру үшін катализатор болады деп күтілуде.

«QazaqGaz-дың басты міндеттерінің бірі – геологиялық барлаудан бастап конфоркаға дейінгі барлық құн тізбегі бойынша газ нарығын қалыптастыру және ынталандыру. Біз QazaqGaz-ды Қазақстанның газ саласының оң өзгерістерінің катализаторы және елдің газ әлеуетін барынша арттыратын тиімділігі жоғары ойыншы ретінде көреміз», - деп атап өтті «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов.

Бұдан басқа, форумды ұйымдастырушы QazaqGaz компаниясы 30 жуық жер қойнауын пайдаланушы компаниямен қосымша газ көлемін саты палу бойынша офтейк келісімдерге қол қойды. Олардың қатарында CNPC-Ақтөбемұнай, Қазгермұнай, Қазақойл Ақтөбе, Жайыкмұнай және т.б бар. Келісім аясында жер қойнауын пайдаланушылар өз есептерінен игеріліп жатқан кен орындарында газ қорын игеруді ұлғайту көзделген. Өз кезегінде QazaqGaz газды ынталандыру бағамен сатып алады.

«Бүгінде газдың орташа бағасы 1000 текше метріне 40-50 долларды құрайды. Жаңа формуланың көмегімен жаңа бағаны минимум 110-120 долларға жеткізуді көздеп отырмыз. Осылайша, жаңа формула газды 2-2,5 есе қымбат сатуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде, геологиялық барлау мен газ қорын игеруге жақсы жол ашады», – деді энергетика вице-министрі Асхат Хасенов.

Бұған дейін 2022 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қол қойды. Қол қойылған заң жобасы шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардан газ сатып алу бағасының ынталандырушы формуласын қолдану көзделген.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475