Қазақтың тiлi қысқарып барады
Кеше редакциямызға Алматыдағы бiрнеше мектептiң мұғалiмдерi хабарласты. Аты-жөндерiн, қай мектептен екенiн айтқысы келмеген олар жұмысынан айырылып қалудан қорқатынын жасырмады. Олардың мәлiметiнше, алдағы жаңа оқу жылында мектеп бағдарламасындағы қазақ тiлi пәнiнiң сағаттары қысқарып, олардың орнына шет тiлдерi мен жаратылыстану пәндерiнiң сағаты көбейтiлмек екен.
ХХ ғасырдың басында 0,2 пайыз ғана қазақ орыс тiлiн меңгерсе, 1960 жылдары қазақтың 70 пайызы орыс тiлiн еркiн бiлетiн жағдайға жеткен. Неге? Өйткенi орыс тiлiн үйрету балабақша және мектептен басталды. Тiлдiң әлеуметтiк-лингвистикалық базасы мен оқыту-әдiстемелiк құралдары талапқа сай жасалып, жасақталды. Ал қазiр елiмiздегi қазақ тiлiн оқыту әдiс-тәсiлдерiнен мұндай талапқа сай дүниелердi әрең табасыз. Мектеп бағдарламасындағы қазақ тiлi пәнiнiң сағаттары да осы олқылықтың қатарында. Егер жоғарыда сөз болған сағат қысқаруы туралы ақпарат шын болса...

Отарсыздандыру - бiлiм саласында түбегейлi реформа жасап, жаңа ұрпақты ұлт патриоты етiп шығаруға күш салу. Ал бiздiң бiлiм-ғылым саласынан мұндай жаңалықты таба аласыз ба? Бiздегi реформалар, керiсiнше, бiресе Батысқа, бiресе орысқа елiктеуден ұзай алмады. Мемлекеттiк тiл мәселесi - Қазақстанда осы күнге дейiн түйiнi тарқамаған проблема. Президенттiң жыл сайынғы жолдауында осы проблемаға қатысты бiрқатар тапсырма берiледi. Әйтсе де, Қазақ елiнiң мемлекеттiк тiлiнiң көсегесi бұдан көгерген емес. Керiсiнше, жыл санап қазақ тiлi бұған дейiн сығалаған босағасынан да алыстап барады. Бұл - ащы да болса, шындық.
Қалалық жерлердегi орыс және аралас мектептерде қазақ тiлi пәнiнiң апталық сағаты небәрi екi-үштен аспаған. Лингвист ғалымдардың дәлелдеуiнше, кез келген тiлде айтар ойыңды толық жеткiзу үшiн 3500 сөз жеткiлiктi. Қазiр елiмiздегi орыс тiлдi мектептерде 1-сыныптан 9-сыныпқа дейiн қазақ тiлi шамамен 1600 сағат оқытылады. Өкiнiшке қарай, оқушыларымыздың 1600 сағатта 160 сөздi де жетiк меңгерiп шыға алмайды.
Балтық жағалауы елдерiндегi мектептерде орыс тiлiн оқыту сағаттарын қысқартуды 2004-05 жылдары-ақ қолға алды. Ал өзбектердiң мемлекеттiк тiлiнiң мұртын бұзбай сақтаған ұлт екенi әу бастан белгiлi. Эстонияда ата-аналар балаларын эстон мектептерiне берудi жөн санайды. Украина ел аумағындағы ақпараттық кеңiстiктен бастап мемлекеттiк органдарды да орыс тiлiнен "тазартып", украин тiлiне көшiрдi. Ресейдiң, Балтық жағалауындағы елдердiң, Украинаның, Молдавияның ұлттық саясат концепциялары "мемлекет құрушы ұлтқа ешқандай ұлт балама болмауы керек" дейтiн ұстанымнан тұрады. Кезiнде Балтық жағалауындағы елдерде мемлекет құрушы ұлттың мәдениетi, тiлi, дiнi туралы үлкен пiкiрталас туғанда, сол елдiң президентiнен бастап, премьер-министрiне дейiн: "Бiздiң сiздер сияқты басқа отанымыз жоқ. Өзге елдiң мәдениетi, тiлi өз мемлекеттерiнде дамып жатыр. Сондықтан мемлекет құрушы ұлттың рухани құндылығы, мәдениетi мен тiлi, жалпы әлеуметтiк жағдайы әрқашан айрықша басымдықта болады",- деп диаспораларға мәселенi төтесiнен қойды. Өйткенi бұл елдер өз болашақтарын мемлекеттi құраушы ұлттың тiлiмен байланыстырады. Мемлекеттiк тiл арқылы ұлтының мызғымас iргетасын бүгiн қалауда. Ал Қазақстандағы мемлекеттiк тiл мәселесi мен диаспоралар мен мемлекеттi құраушы ұлттың ара салмағы қандай? Салыстырудың өзi ұят. Ендi келiп мектептердегi қазақ тiлiнiң сағатын қысқартса қалай болмақ?
Бiзге хабарласқан ұстаздардың бiрi: "Бiзге жеткен сыбыстарға сенсек, осы жылдың күзiнде жоғарыдағылар орыс тiлiн мемлекеттiк тiлмен теңестiрмек екен. Сол үшiн мектеп бағдарламасындағы қазақ тiлi пәндерiнiң сағаттары қысқартылып, соның есебiнен орыс тiлi сабақтары көбейетiн көрiнедi. Егер бұл рас болса, тәуелсiздiгiмiзден бүтiндей айырыламыз ғой?" - дедi. Ел iшiне тараған сыбыстардың көбi расқа айналып, талай рет Конституциямызға да өзгертулер енгiзiлген-дi. Осыны ескерсек, пән сағаттарына қатысты бұл сыбысқа мән бермеуге болмас. Ұстаздардың бұл дабылына тиiстi мекемелерден нақты жауап болады деп үмiттенемiз.
С.МӘДИ.
"Жас Алаш" газеті