Сенбі, 23 Қараша 2024
1687 0 пікір 2 Маусым, 2023 сағат 13:27

Қырғызстанда "Орталық Азия — Еуроодақ" саммиті өтеді

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында "Орталық Азия — Еуроодақ" саммиті өтеді. Аймақ елдерінің басшылары мен Еуропа кеңесінің жетекшісі Шарль Мишель осымен екінші мәрте кездеседі. Алғашқы жүздесу 2022 жылғы 27 қазанда Астанада өткен.

Саммитте Орталық Азия елдерінің Еуроодақпен диалогын, қарым-қатынасын дамыту мәселелері талқыланады.

Кездесуге жиналғандар "GSP+" жүйесінің көмегімен өзара сауда қатынасын дамыту, инвестициялық және инновациялық жобаларды ілгері жылжытуға жағдай жасау, "жасыл" энергетика енгізу, Транскаский халықаралық көлік дәлізінің мүмкіндігін арттыру, озық технологиялар, экология, туризм, мәдениет және басқа да салаларда әріптес болу мәселелеріне тоқталады.

Саммит аясында бірнеше екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.

Бұл уақытта адам құқықтарын қорғау ұйымдары ЕО басшысын Орталық Азия елдеріндегі адам құқының бұзылып жатқанына назар аударуға үндеп отыр.

 

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364