Сенбі, 23 Қараша 2024
1695 1 пікір 2 Маусым, 2023 сағат 13:32

«Қазақстанға Ресейден бидай заңсыз әкелініп жатыр»

Парламент сенатында Ресейден Қазақстанға "жалған құжаттармен" заңсыз түрде бидай әкелініп жатқаны айтылды. Бұл туралы "Қазақпарат" агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, сенат депутаты Андрей Лукин "жалған құжатпен салық төлемей-ақ, заңсыз әкелудің тұрақты жолдары бар" екенін айтқан. Оның себебі ретінде депутат “Ресейден әкелінетін астық өнімдерін пайдалануды есепке алу мен оны бақылайтын жүйе жоқ” деп көрсеткен.

Сенатордың айтуынша, екі елдің кәсепкерлері ресейлік астықты Қазақстан астығы түрінде экспорттап, құн салығы бойынша жеңілдік алу схемасын қолданады. Оның сөзінше, айлакер салық төлеушілер жазасыз қалып, бюджетке салық та түспейді.

Депутаттық сауалында сенатор "Ресейге қатысты енгізілген санкцияларды ескерсек, көрші елдің жалған импорты мен кері экспорт саны бірнеше есе артуы мүмкін” деген.

Лукиннің мәліметінше, 2019-2022 жылдары Қазақстанға құны 207 млрд теңге болатын 3,4 миллион тонна астық импортталған. 2019 және 2020 жылдары Ресейден Қазақстанға бидай әкелгенде, импорт үшін бюджетке құн салығы төленбегенінен Қазақстаннан үшінші елдерге экспорт көлемі қалыптан тыс артқан.

Депутаттың айтуынша, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысына Ресейден 450 мың тоннадан астам бидай әкелінген. Олар Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің ілеспе құжаттары бойынша өткен.

Ол құжат рәсімдеуінен кейін өнімнің Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға қазақстандық тауар ретінде экспортталғанын айтады. Депутаттың сөзінше, Ресейден Қазақстанға әкелінген тауардан төленбеген қосымша құн салығы түріндегі мемлекетке түскен алдын ала шығын көлемі 660 млн теңгеден асқан.

Сурет: akorda.kz

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364