Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
3061 1 пікір 8 Маусым, 2023 сағат 15:46

«Семей орманы» аумағында тағы да өрт шықты

Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары «Семей орманы» МОТР аумағындағы орман алқабындағы өртті жедел жоюға жәрдемдесіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Семей филиалының мәліметінше, Батпаев орманшылығының аумағында 0,3 гектар алаңда ағаштар жанған. Қазір өртті сөндіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД-дан 31 адам және 9 техника, орман шаруашылығынан 28 адам және 14 техника жұмылдырылған.

Абай облысы ТЖД-ның дағдарыс орталығында жедел штаб ұйымдастырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Өрт сөндірушілер өрттің өршуіне жол бермеу және оны сөндіру үшін барлық күштерін салып жатыр.

Еске сала кетсек, екі апта бұрын Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөптің жануы салдарынан «Семей орманы» МОТР аумағында ауданы 1 мың 500 гектар орман өртенген. Ал 29 мамырда табиғи резерваттың басшылары жемқорлық үшін сотталған болатын.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 950
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2446
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 653
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 636