Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
2247 1 пікір 9 Маусым, 2023 сағат 15:09

АҚШ Киевке тағы 2 млрд доллар көмек береді

АҚШ қорғаныс министрлігі жұма күні Украинаға екі миллиард доллар шамасында көмек беретінін жариялады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі Ақ үй өкілдеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қаражат Украина қауіпсіздігін қамтамасыз ету бастамасы (USAI) аясында бөлінеді. Ақша "Хоук" зымыран кешендерін сатып алу мен орнатуға,, сонымен бірге "Пэтриот" зымыран кешені үшін зымыранның екі түрін алуға жұмсалады.

Агенттік дереккөздерінің мәліметінше, Украина Pac-3 радиолокациялық зымырандар мен GEM-T озық үлгідегі зымырандар алады. GEM-T тактикалық баллистикалық зымырандарыд, қанатты зымырандарды немесе жау ұшақтарын жоюға арналған.

Орта қашықтыққа ұшатын "Хоук" зенитті зымыран кешені ұшақтарды ғана емес, қанатты зымырандардың көзін жоя алады. 2002 жылы АҚШ оларды жетілген түріне алмастырған, бірақ қарудың мұндай түрі бірнеше елдің армиясында бар. Ашық дереккөздердегі мәліметке қарағанда, 1700 "Хоук" кешені шығарылған.

Мұның алдында ғана әскери сарапшылар Украина қарымта шабуылға көшкенін мәлімдеген. Киев оған кейінгі бірнеше ай бойы дайындалған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2529
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 661