Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Билік 1494 0 пікір 9 Маусым, 2023 сағат 15:23

Министр Қуаңтыров: Ресейге көмектеспейміз!

Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуаңтыров Қазақстанның Ресей үшін санкцияны айналып өтетін аймақ болмайтынын айтты.

«Біз ашық мәлімдейміз! Қазақстан территориясы Ресейге санкцияны айналып өтетін территория болмайды! Иә, біздің ірі сауда серіктесімізбен саудамызды жасай береміз. Бірақ, санкциялық тауарлармен емес!», - деді министр Қуаңтыров.

Ол өз сөзінде Қазақстанның бұл соғысқа қатысушы мемлекет емес екенін, дәл қазіргі жағдайда өз мүддесі есебіне жұмыс жасайтынын айтты.

Abai.kz

0 пікір