Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1316 0 пікір 12 Маусым, 2023 сағат 14:19

Абай облысындағы өрт: Тағы бір адам жоғалып кетті

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Абай облысындағы орман өтін сөндіруге кетіп, із-түзсіз жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Егер сізде С.Н.Архиповтың орналасқан жеріне қатысты қандай да бір ақпарат болса, онда «102» нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласуыңызды өтінеміз», –  делінген Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Департамент мәліметінше, өрт сөндіруге тракторымен шығып кеткен тұрғынды іздеу іс-шараларына ведомствоның жеке құрамы жұмылдырылған. Сонымен қатар оның тракторын табу үшін әуеден де шолу жүргізіліп жатыр.

Abai.kz

0 пікір