Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
2248 0 пікір 12 Маусым, 2023 сағат 19:04

Абай облысындағы өрт. 125 ерікті көмек көрсетіп жатыр

Семейлік еріктілер Абай облысындағы өрт сөндірушілерге көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысы аумағында төртінші күнге созылған өртті сөндіруге Семей қаласынан 125 ерікті көмек көрсетуде.

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, Жас Қанат, Лидер KZ, ОСА Семей, «КОЛЕЯ» жол талғамайтын көліктер клубы ( 4x4), т.б. Еріктілер күн сайын өрт сөндірушілерге барынша қолдау беруде, азық-түлік, жеке гигиена заттарын әкелуде, сондай-ақ түнгі уақытта тамақтану пункттерінде кезекшілікте көмектерін көрсетуде.

Озерки ауылдық округінде еріктілер дала асханасын ұйымдастырды, онда өрт сөндіруге қатысушыларды 3 рет ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Озерки ауылының мектебінде еріктілер демалыс орындарын дайындады. Озерки ауылдық округіндегі негізгі гуманитарлық көмек қабылдайтын пункт - Комсомолская 29 мекен-жайындағы, «Дархан» дүкені.

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының өңірлік мүшелері 2 100 000 теңге қаражат жинады.

Қазіргі уақытта 1 000 000 теңгеге бірінші қажеттіліктегі заттар мен азық-түлік сатып алынды. Қаланың эвакуациялық пункттерінде еріктілер тұрақты негізде эвакуацияланған ауылдардың тұрғындарына түрлі көмек көрсетуде. Барлығы 5 тонна азық-түлік, оның ішінде су, сұйық май, ыстық тамақ, жеміс-жидек, сүт өнімдері жеткізілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2554
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 707
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 675